8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қазан 2021 1837 0
Қоғам

БІР ҮЙ – БІР БІРЛЕСТІК – БІР ЕСЕПШОТ

26 қазан күні өңірге арнайы келген «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ өкілдері  қаладағы ПИК және МИБ төрағалары, қауымдастықтар мен пәтер және тұрғын емес үй-жайлар иелерімен кездесіп, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы жаңа реформалар мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа форматын түсіндірді. Сондай-ақ 27 қазанда жаңа форматтағы басқару жүйесін енгізген қос үйдегі жұмыстың жүргізілуімен танысып, нұсқаулықтар берді.

Өткен жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, күшіне енді. Яғни, заң жүзінде қабылданған құжат саладағы негізгі түйткілдерді шешпек. Бұл ретте «Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидаты бойынша меншік иелері бірлестігін құру көзделді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында «Мүліктік меншік иелерінің бірлес­тігі» институтын енгізу – меншікті басқару ісінде тұрғындар пікірінің ескерілуін, сондай-ақ тұрғын үйді пайдалану және жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражаттың ашықтығы мен есептілігі болуын қамтамасыз ететінін айтқан болатын. Себебі мұндай бірлестік – өзін өзі ұйымдастыру және басқару институтының бастау негізі.

Жаңаша бағыттағы бірлестік құрудың  артықшылығы туралы «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ өңірлік даму және әдіснама департаментінің директоры Марғұлан Әбдікәрімов жете түсіндірді.

– Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері басқарудың екі формасының бірін таңдайды – мүлік иелерінің бірлестігі немесе қарапайым серіктестік. Мүлік иелерінің бірлестігі – тұрғын емес үй-жайдағы пәтер иелері құрған заңды тұлға, қарапайым серіктестік – заңды тұлға құрмай, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың барлық иелерін тікелей бірлесіп басқаруы. Қарапайым бірлестік 20-30 пәтерлі түрғын үйлер үшін қолайлы, ал негізінен 30 пәтерден асатын тұрғын үй болса, мүлік иелері бірлестігін құруды ұсынамыз. Тұрғындар таңдауымен сайланған мүлік иелерінің төрағасы басқару қызметін өзі атқарады. Бұл үшін негізінен жұмыссыз, жауапкершілігі мол, белсенді азаматты  таңдаған жөн. Дегенмен, негізгі жұмысын атқара жүріп, кешкілік көппәтерлі тұрғын үйдің мәселесімен айналыса алатын азаматтарды да сайлауға шектеу қойылмайды. Ол мүлік иелері бірлестігі атынан сервистік компаниялармен келісім жасауға, тұрғын үйді күтіп ұстау немесе жөндеу бойынша атқарылған жұмыстар актісін қабылдап, қол қоюға және ақысын төлеуге құқылы болады. Жиналған қаражат тұрғындардың өз бақылауында болады, – деді Марғұлан Жеңісұлы.

Сонымен қатар «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков көппәтерлі және жеке тұрғын үйді басқару саласын цифрландыруға тоқталып, бұл ретте республиканың барлық тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын цифрландыруға мүмкіндік беретін ауқымды жоба іске қосылғанын жеткізді.

– «Е-Шаңырақ» жүйесі Е-zhkh.gov.kz домені бойынша орнатылды. Платформа 16  қыркүйекте іске қосылып, тәжірибелік нұсқада жұмыс жасауда. Мұнда жинақталған деректер саланың ашықтығын арттырып, бәсекелестік нарықты қалыптастырады. Әлі  де толықтырылып, дамыту қажет. Осы ретте пайдаланушылардың ұсыныстары  ескерілетін болады, – деді Нұрбек Нұржанұлы.

Расында, салада күрмеуі шешімеген мәселе жетерлік. БҚО ПИК қауымдастығының төрағасы Нұрлан Шабдаровтың сөзінше, ең алдымен тұрғындар тарапынан жанашырлық жоқ. Өздері  тұратын үйге қатысты маңызды жиналыстарға тұрғындардың қатыспайтыны тағы бар. Бар-жоғы 6-7 тұрғын ғана шығып, басқалары немқұрайлық танытады. Сонымен қатар арзан тариф күрделі жөндеу, құбырларды жаңарту сынды ауқымды жұмыстар жасауға  мүмкіндік бермей отыр.

– Басқарушы орган өз міндеттемелерін жақсы білуі керек. Заңда бұл туралы ашылып көрсетілмеген. Сол себепті халық арасында аз ғана тарифке сәйкес ақы алса да, «барлық жұмысты ПИК атқаруы тиіс» деген түсінік қалыптасқан. Қазіргі таңда орташа тариф – 35 теңге. Бұл бағамен құбырларды, шатырды жөндеу мүмкін емес. Ол үшін мақсатты қаражат жиыны болуы керек. Мәселелерді жалпы жиналыстарға салмай-ақ, заңда ашық көрсеткен дұрыс, – деді Нұрлан Уапұлы.

Басқосуда ПИК өкілдері тарапынан бұған дейінгі ПИК-тердің ресми түрде жұмысын тоқтату және жаңа форматта жұмысын бастайтын бірлестікті тіркеуге қатысты сұрақтар көтеріліп, мамандардың жауаптары тыңдалды. Сонымен қатар қызмет тарифі, жұмыстың жүйесіне  қатысты мәселелер қозғалды.

Қалада 1247 көппәтерлі тұрғын үй  бар. 106  пәтер иелері кооперативі жұмыс жасайды. Жаңаша форматта  жұмыстанатын  23  мүлік иелері бірлестігі, 870 жай серіктестік тіркеліп үлгеріпті. Жалпы көрсеткіш 53 пайызды құрайды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
108 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
328 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
814 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1191 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1109 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1551 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2166 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2334 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2340 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2390 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2393 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2026 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2875 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2928 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2925 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3534 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3506 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3492 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3471 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3632 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3678 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»