БІР АЙДА БЕС МӘРТЕ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН
Орал қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері велосипед, аккумулятор, су айдайтын электр компрессор сынды жеке мүліктерді ұрлады деген күдікке іліккен азаматты құрықтады. Бұл туралы Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

1978 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, бұған дейін заң алдында жауапталған А. есімді азамат шілде айының басында ұрлық әрекеттеріне жол берген. Ол өзгенің гаражы мен үйінің есіктерін бұзып кіріп, енді бірінің саяжайдағы үйіне кіріп, қолына тигендерін жымқырып 5 рет ұрлыққа жол берген. Мысалы, 13 шілдеде «Локомотив» саяжай қоғамындағы бір үй ауласына емін-еркін еніп, көзіне бірінші түскен «Барс» маркалы аккумуляторды үптеген. Содан кейін электр компрессор, 1 бума электрод, т.б. жеке мүліктерді жиып-теріп, алып шыққан. 1954 жылғы саяжай иесі полицияға арыз жазып, 18 мыңға жуық теңгеге материалдық шығын келгенін айтты. Ал жасы қырықтан асқан күдікті ұрлық жасағанын мойындап отыр. Бүгінгі күні басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу