8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2019 2138 0
Өзек

БІР АЙДА 9 801 ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛДІ

Қоғамдық тәртіпті қадағалау және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде БҚО Полиция департаменті  қызметкерлері қаңтар айында 9801 заңбұзушылықты анықтады. Сәйкесінше, жалпы сомасы 55 млн. 486 мың теңге болатын әкімшілік айыппұл салу жөнінде 7 621 қаулы шығарылған.  

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта 4 280 азамат айыппұлды төлеген. Оның сомасы – 30 млн. 883 мың теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар жазадан бұлтармау қағидатын қамтамасыз ету аясында «Автоураган» ұтқыр кешені қолданылып, салынған айыппұлды төлеуден жалтарған жүргізушілердің көліктері айып тұрағына қойылған. Жалпы 92 көлік айып тұрағына тоғытылды. Олардың қарыздары 1 млн. 522 мың теігені құрап отыр.

Тағы бір айта кетерлігі «Автоураган» ұтқыр және стационарлық кешені шеңберінде автоматты жүйелер арқылы Орал қаласы аумағында ҚР жол қозғалысы ережесін бұзған шетелде тіркелген көліктер анықталды. Қаңтар айында ғана шетел мемлекеттерінде тіркелген көліктердің 1 027 жол қоғазғалысы ережесін бұзғаны тіркеліп отыр. Оның іщшінде 393 көлік ұсталып, иелерінен 5 млн. 169 мың 183 теңге айыппұл өндірілген.

БҚО Полиция департаменті әкімшілік айыппұлды екінші банк филиалдары арқылы төлеуге болатынын хабарлап, салынған айыппұлды әкімшілік өндірістің қысқартылуы тәртібімен 7 күн ішінде төлеуді ұсынады.  

БИН  141140001517

БИК  ККМFKZ

Код    204106

Р/с     KZ24070105KSN0000000

КНП  993

Бенефициар: РГУ Департамент государственных доходов по ЗКО.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»