8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қараша 2023 3356 0
Білім

«Білімділер додасы-2023» финалдық ойыны өтті

Бүгін Жәңгір хан университетінде Халықаралық студенттер күніне орай, «Білімділер додасы-2023» зияткерлік ойынының студенттік лигасының финалдық ойыны өтті.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған сайыс нәтижесінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттерінің командасы жеңіске жетті. Ал екінші орынды М.Өтемісов атындағы БҚУ студенттерінің командасы иеленсе, үшінші орынға Жоғары инженерлік-техникалық колледжінің студенттері қол жеткізді.

Сондай-ақ ойынның «Үздік ойыншы» аталымын М.Өтемісов атындағы БҚУ командасының ойыншысы – Батырғали Риза иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен арнайы статуэткалар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
287 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»