Білікті мамандардың ұстаханасына айналған білім ордасы
Бүгін, қазаннның 13-і күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 60жылдық мерейтойын атап өтті.
Шараға жиналғандар бас ғимараттың дәлізінде ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеде аталмыш оқу орнының зертханалық, халықаралық дәрежедегі жануарлар генетикасы, мал және ауыл шаруашылығы саласындағы он селекциялық жетістік қойылған. Сондай-ақ «Ақылды фермалар» бағдармасы аясындағы немесе алыс жайылымдағы суларды үнемді пайдалану, алма ағашының технологиясы, құрылыс материалдарын жасау жөніндегі қол жеткізген табыстары университеттің проректоры Шәмшіден Әлжан жиналғандарға таныстырды.
Бұдан кейін акт залында «Түлектер мен қамқоршылар» форумы жалғасын тапты. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев білім ордасын мерейтоймен құттықтап, сөз сөйледі. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Асқар Нәметов меймандарға қош келдіңіз айтты.
Түлектер студенттік кездерін еске алып, білім берген ұстаздарына ризашылықтарын білдірді. Шараның соңы өнерпаздардың дайындаған концертіне ұласты.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печати