8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қаңтар 2020 1796 0
Өзек

БЕС КҮНДЕ 90 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛДІ

 Бес күн ішінде Батыс Қазақстан облысында 90 қылмыс тіркеліп, 1 356 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

 

Мереке күндері, яғни 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 4 қаңтары аралығында тіркелген 90 қылмыстың 49-ы кезекшілік тәулікте ашылған. Осы мерзімде 1 356 әкімшілік құқықбұзушылық орын алған. Олардың 30-ы – ұсақ бұзақылық. Мас күйде көлік басқарған 16 жүргізуші, ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 34 азамат ұсталыпты. Бұдан бөлек отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласы бойынша 19 құқықбұзушылық әрекеті орын алған.

Сондай-ақ бейнебақылау камералары арқылы 170 әкімшілік-құқықбұзушылық анықталған.

Айта кетейік, 2019 жылдың 31 желтоқсанынан 2020 жылдың 5 қаңтары аралығында қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде сақталуын қадағалау, көшеде және қоғамдық орындарда қылмыстың жолын кесу мақсатында БҚО Полиция департаменті қызметтің күшейтілген түріне көшірілген болатын. Адамдардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында көңіл көтеру орындары бойынша патрульдеу күшейтіліп, БҚО Полиция департаментінің барлық қызметтері мен ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның жеке құрамы тартылып жаяу және автомобиль патрулі жасағы толықтырылды.Облыс бойынша барлығы 600 полиция қызметкері тәртіпті қадағалады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
113 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
88 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»