Белгілі режиссермен кездесті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде 3 сәуір күні университет түлегі, белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров және Астана қаласының Музыкалық жас көрермен театры актерлерімен шығармашылық кездесу өтті.

Ашық диалог форматында студенттер мен оқытушылар театр өнерінің қыр-сырымен танысып, актерлердің шығармашылық жолы, режиссерлік көзқарастар туралы құнды мәліметтер алды. Асхат Маемиров өз тәжірибесімен бөлісіп, заманауи театр өнерінің даму тенденциялары мен мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығы жайында сөз қозғады.
Театр актерлері өз кәсібінің ерекшеліктері, сахна шеберлігінің қыр-сыры мен табысты өнер көрсетудің құпиялары туралы әңгімелеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ кездесуде шағын театрлық этюдтер көрсетіліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Кездесу барысында жас мамандардың өнер саласын дамытудағы рөлі ерекше аталып өтті. Қонақтар студенттерді шығармашылық ізденістен қорықпауға шақырып, қазақ театры мен киносының болашағы дарынды жастардың қолында екенін атап өтті.
Кездесу жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтті. Қатысушылар өнер майталмандарына құнды кеңестері мен кәсіби бағыт-бағдары үшін алғыстарын білдірді.
Махамбет университеті алдағы уақытта да танымал мәдениет қайраткерлерін шақырып, студенттерге тәжірибе алмасу және шабыт алу мүмкіндігін ұсынуды жалғастырады.
М.Өтемісов атындағы БҚУ баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру