8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2024 3064 0
Оқиға

«Бекіре-2024» басталды

Сәуірдің 1-інен мамыр айының 31-не дейінгі аралықта облыс аумағында балық пен олардың өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Бекіре-2024» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.


Алғашқы он күнінде 1,5 тоннадан астам балық тәркіленді. 
Мәселен, 5 сәуір күні БҚО ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Орал–Атырау» тас жолында «ВАЗ-2111» маркалы автомашинаны тоқтатты, оның салонында ұсақ тұқымды балық салынған 9 қап және 1 пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 234 кг құрап отыр. Соның ішінде «шортан» – 144 кг, «мөңке» – 46 кг, «сазан» – 44 кг.

Сондай-ақ, сәуірдің 6 күні Шапай ауылына жақын «Атырау-Орал» тас жолында «Митсубисси Делика» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікті тексеру барысында тиісті құжаттары жоқ 204 келі ұсақ тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Көшім ауылының маңындағы «Орал-Атырау» автожолында полиция қызметкерлері «Фольксваген Шаран» автомашинасын тоқтатты. Автокөліктен 206 келі балық тәркіленді. Орал қаласының тұрғыны Жаңақала ауданы Қошпан ауылындағы Көшім өзенінде балық аулаумен айналысқаны белгілі болды. Автокөліктен резеңке қайық пен балық аулау торлары да тәркіленді.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
16 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
23 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
26 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
93 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
68 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»