8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қазан 2018 2182 0
Өзек

БЕКЕТТЕГІ КЕПТЕЛІС

Қазақстан мен Ресей аралығындағы «Сырым» өткізу бекетінде көліктердің ұзын-сонар кезегі пайда болған. Тіптен кейбір жүк көліктерінің шекарадан өтуге кезекке тұрғандарына тәуліктен аса уақыт өтіпті. Бұл қиындық 22 қазаннан мемлекеттік шекарада экспорттық бақылау жүргізу енгізілуінен басталған. 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ өкілдері бұл арада сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар деп есептейді. «Сырым» шекара бекетінде қалыптасқан ахуал 29 қазан күні ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, «Атамекен» ҰКП облыстық филиалы және басқа да сала мамандарымен, мониторингтік топ өкілдерінің қатысуымен талқыланды.

– Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу бекеттеріндегі барлық жағдай бірдей.  Экспорттық бақылаудың енгізілуіне байланысты бекетте көліктерді өткізу уақыты ұзарып отыр. Сәйкесінше, кезек ұлғайып, азаматтардың наразылығын туындатуда. Бұл жағдай тікелей кәсіпкерліктің дамуына кері әсер етері хақ Соңғы аптада, яғни 22-29 қазан аралығында «Сырым» бекетінен алдыңғы аптамен салыстырғанда 500 жүк көлігі кем жіберілген. 500 жүк көлігінде 10 мың немесе одан да жоғары тонна тауар болуы кәміл. Бұл – бір. Екіншіден, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар деп топшылаймыз. Тауарларын өткізуде базаға тіркемес үшін кәсіпкерлердің өздері шекарашыларға ақша ұсынуы мүмкін. Мәселе бар, оны шешу қажет. Біз өз қателігімізді мойындаудан қашпауымыз керек.  Азаматтар мен бизнес зардап шекпеуі тиіс, – деді басқосуды ашқан республикалық мониторингтік топ мүшесі, қоғам белсендісі Алдан Менкеев.

22 қазаннан бастап ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті және ҚР ҰҚК шекаралық қызметі басшылығының бірлескен бұйрығына сәйкес мемлекеттік шекарада экспорттық бақылау жүргізілуде. Экспорттық бақылаудың жүргізілу барысы туралы ҚР ҚМ МКК облыстық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Алмас Әбдіжаппаров түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, экспорттық бақылау мониторинг түрінде жүргізілуде. Яғни бір ғана құжат – тауар-көлік жүкқұжаты сканерленеді. Оған 2-3 минут қана уақыт кетеді.

– Экспорттық бақылау Қазақстан мен Ресей шекарасындағы алты бекетте де жүргізілуде. Тек «Сырым» бекетінде ғана келеңсіздіктер пайда болып отыр. Бұл жағдай өткен жылы да болған. Демек, маусымдық сипаттамасы бар деп түсінген жөн.  Экспорттық бақылау жаңадан енгізілген жүйе. Сондықтан келеңсіздіктер болуы қалыпты. Қалыптасқан жағдай бойынша шекара қызметі мен мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау қызметкерлері мониторингтің уақытын азайту үшін тиісті шараларды қолға алуда. Біз бизнеске кедергі келтірмей, бекеттен тез өтуге жағдай жасау үшін жұмыстанатын боламыз, – деді Алмас Әбдімүтәліпұлы. Департамент басшысының айтуынша, Қазақстан тарапынан және бейтарап аймақта көлік кезегі аса көп емес, жүк көліктерінің жаппай толқыны Ресей жағында.

2029 әскери бөлімі шекаралық бақылау бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Сақбосынов та «Сырым» өткізу бекетіндегі бақылауда шекара және экспорттық бақылау қызметкерлері тарапынан іркіліс жоқ екенін айтты. Ал бекеттен жүк көлігін өткізу деңгейінің төмендеуіне басқа да жағдайлар әсер етуі мүмкін.

– Кезектің артуын, азаматтардың шағымдарын бекеттен өтетін жүк ағынының өткен жылмен салыстырғанда артуымен түсіндіруге болады. Қазір «Сырым» бекеті арқылы тәулігіне 800-900 тауар тиеген жүк көлігі шекара сызығын кесіп өтеді. Сондай-ақ жүргізілген талдау бойынша өткен аптамен салыстырғанда 22-29 қазан аралығында экспорттық бақылауға байланысты кей жағдайларда бекеттің өткізу қабілеттілігі төмендеді. Бұған әр түрлі себеп бар: бір жүк тиеген бір жүк көлігі өтеді. Бұл жағдайда экспорттық бақылау мамандарының мониторинг жүргізуі үшін аз уақыт кетеді. Бірнеше жүкті тиеген жүк көліктері де өтуі мүмкін. Оларға мониторингтік жұмыстарды жүргізу үшін қосымша уақыт қажет. Осындай жүк ағынының көбеюіне байланысты кептеліс туындауда. Жұмыста іркіліс жоқ. Мониторингтеу бекітілген уақыт көрсеткішіне сай жүруде. Қосымша тексеру, зерттеуді талап ететін форс-мажор жағдайларда ғана жүк көлігі жалпы кезектен шығарылып, жеке алгоритм бойынша тексеріледі. Бұл жалпы кезекке және уақытқа кері әсер етпейді, – дейді Нұрлан Халимұлы.

Алдан Төлегенұлы шекарадан өткізу кезіндегі үдерісті жеделдету, тіркеу рәсімдерін автоматтандыру, әкімшілік кедергілерді және болуы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында тауар-көліктік жүкқұжатқа тауар жөнелтуші мен қабылдаушы туралы ақпарат көрсетілген қосымша баған енгізуді ұсынды. Сондай-ақ кейбір кеден бекеттерінде тауар-көліктік жүкқұжат формасының талапқа сай еместігін, мөрдің анық қойылмағанын айтып, ілік іздеушілердің бар екенін, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуға алып келетінін айтып, басшылық тарапынан ұдайы бақылау болуы қажеттігін ескертті.

Жиын қорытындысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің облысымыздағы департаменті басшысы Болат Исақов облысымыздағы мемлекеттік кірістер департаменті, «Атамекен» ҰКП облысымыздағы филиалы және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп, бекеттегі ахуалға байланысты сараптама жүргізуді ұсынды. Тосқауылдардың қай деңгейде орын алатыны анықталып, сәйкесінше ұсыныстар берілетін болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

P.S. Батыс Қазақстан Ресейдің бес облысымен шектесетін шекара ұзындығы үлкен аймақ. Облыста алты бекет орналасқан. Соның ішінде «Сырым» бекетінің жүгі мол. Екі жақтан да ағылған жүк көліктері үшін бекеттің өткелі тарлық етуде. Осы ретте бекетті жаңғырту туралы шешім қабылданып, жобалық эскиз жасалған. Басқосуға қатысқандар бекеттің жаңғыртылуы жүк көліктерін өткізу қуаттылығын арттыруға ықпал етеді деген сенімде.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
86 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
255 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
449 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
692 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
770 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
876 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
884 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
905 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
921 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1021 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1244 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1561 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1443 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1553 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1542 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1673 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1718 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1665 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1674 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1779 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»