8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Желтоқсан 2023 3121 0
Бәрекелді!

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініңжарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымына полковник Бекайдар Қазкеев тағайындалды.

      Жаңадан тағайындалған қолбасшыны жеке құраммен  онлайн режимде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірінің орынбасары –  Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Еркін Ботақанов таныстырды.

      Қазкеев Бекайдар Маратұлы аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығы қызметін атқарған.

      Ішкі істер министірінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, жаңа лауазымға тағайындалған полковник Қазкеев Бекайдар Маратұлының қызметіне толағай табыс тіледі.

      Осыған дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының  қолбасшысы қызметін атқарған генерал-майор Жұмағалиев Армана Мақсотұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік  қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
126 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
371 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»