БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМНАН І ОРЫН ИЕЛЕНДІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумында жалпы командалық есепте Батыс Қазақстан облысы І орынға ие болды.

Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту ма0сатындағы форум «Осындай мамандық бар» (Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтардың балалар компьютерлік презентациялар байқауы;), «Мамандықты таңдайтын уақыт» (видеовлогтар байқауы), «Мен – мамандықтар әлемінде» (әдеби байқау), «Мамандық кеше, бүгін, ертең» (вайндар байқауы) сынды номинациялары бойынша өткізілді.
«Осындай мамандық бар» номинациясы бойынша Әдемі Ғаділбек (облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы), Жанар Мұратова (облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы) І орын иеленсе, «Мамандықты таңдайтын уақыт» номинациясы бойынша Зарина Ахетова (Теректі ауданы Шаған ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы) І орын, «Мен – мамандықтар әлемінде» номинациясы бойынша Вероника Бердник (Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №5 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы), «Мамандық кеше, бүгін, ертең» номинациясы бойынша Дамиля Зейнолла (Жәнібек ауданы Е.Ниетқалиев атындағы ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы), Ильнара Салимгереева Облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы ІІ орын иеленді.
Республикалық кезеңнің жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу