БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында білім басқармасының ұйымдастыруымен «Әке жолы – ізгі жол» атты облыстық әкелер форумы өтті.

Үлгілі әкелердің басын қосқан шараның мақсаты – ұлттық дәстүрімізге құрмет көрсете отырып, жастардың бойына Отаншылдық, патриоттық сезімдерді қалыптастыру, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы түрлі көзқарастар мен тұжырымдарды бір ортаға шоғырландыру, жаңашыл идеяларға қолдау көрсету болды.
Форумда аудан, қала мектептерінің «Отбасылық мұра» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары М.Сатқанов, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын Ш.Қыдырниязова, профессор, филология ғылымдарының докторы М.Сабыр, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Жақсығалиев, БҚО бойынша «Әкелер Одағы» төрағасы М.Дюсембеев, қоғам қайраткерлері, аудан, қала мектептерінің үлгілі әкелері және балалары қатысты. Пленарлық мәжіліске білім басқармасының басшысы Ш.Қадырова модераторлық етті. Шақырулы қонақтар баяндама жасап, отбасы құндылықтары, ұлттық сана, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі турасында ой-пікірлерін ортаға салды. Форум аясында отбасы құндылықтары мен әкенің қоғамдағы рөлін насихаттайтын бейнеролик көрсетілді. Қатысушыларға облыс әкімі және БҚО бойынша «Әкелер одағының» атынан алғыс хаттар табысталды.
Қазақ қоғамында қадым заманнан бала тәрбиесіне бей-жай қарамаған. Әкелеріміз баланы ертеңгі ел қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, мәрттікке тәрбиелеген. «Баланы жастан» деген аталы сөздің астарынан қазақтың бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін, әке тәрбиесінің маңызын аңғаруға болады.
Әрбір отбасында ата-ана арасында береке-бірлік болса, сол шаңырақтың түтіні де түзу шығып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, парасаты мен пайымы жарасқан саналы ұрпақ тәрбиеленері сөзсіз.


БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу