8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қараша 2018 1594 0
Қоғам

Батыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталуда

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов айтты.

– Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында ішкі жалпы өнім 0,6% өсіп, 1,2 трлн. теңгені құрады. Биылғы жылдың сегіз айында өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі 26% өсіп, 150 млн. долларға жетті,-деді А.Көлгінов.

Облыс әкімінің баяндауынша, өнім өндіру көлемі 2,5 трлн. теңгені құраған. Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 0,5% ұлғайып, 316 млрд. теңгеге жеткен. Ішкі инвестиция көлемі 197 млрд. теңгені құраса, оның негізгі капиталдағы үлесі 62%. Бұндай көрсеткіштерге қол жеткізуге Елбасы тапсырмаларын орындауға бағытталған жүйелі және кешенді іс-шаралар тікелей әсер етті.

Елбасы ауыл шаруашылық саласы ел экономикасының драйверіне айналу керектігін бірнеше рет айтқан болатын. Биылғы жылы бұл саланы қолдауға БҚО-да 12 млрд. теңге бөлінген. Сонымен қатар 2,5 млрд. теңге инвестиция тартылған.

Облыс әкімі А.Көлгінов кәсіпкерлікті дамыту саласында да оң өзгерістер бар екенін айтты. «Шағын және орта бизнес субъектілері 6% өсіп, 40 мың бірлікті құрады. Ал сол саламен айналысатындардың саны 10% артып, 115 мың адамға жетті. Жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 40%, республика бойынша біз үшінші орындамыз», -деді облыс әкімі.

Өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы да облыс әкімінің баяндамасында нақты деректермен келтірілді. «Елбасымыз қабылдаған «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының қарқынды іске асырылуы өңір экономикасына оң әсер етуде. Биылғы жылы бұл бағдарламалардың орындалуына 36,3 млрд. теңге бөлінді»,-деп атап өтті облыс әкімі.

«Нұрлы жер» бағдарламасымен облыста 26 көп пәтерлі тұрғын үй салынуда. Сондай-ақ аудан-ауылдарда 104 үйдің құрылысы жүргізілуде. Биылғы жылдың соңына дейін алты көп қабатты, аудан-ауылдарда 83, барлығы 827 пәтер  пайдалануға берілмек.

Жеке инвесторлардың есебінен салынған 1400 коммерциялық пәтерлердің ішінен 100 жанұя «7-20-25» бағдарласымен иеленді. 280 пәтердің құрылысы аяқталып, өз иелерін күтуде.

Мемлекет тарапынан көрсетілген зор қолдаудың нәтижесінде өңірде жол-жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылдың өзінде 450 шақырым жол салуға 32 млрд. теңге қаржы бөлінген. Облыс әкімі атап өткендей, жыл сайын өңір арқылы 4 млн-нан астам жолаушы және 1 млн. 200 мың көлік өтеді. Алдағы уақытта Саратов, Самара және Атырау бағыттарын біріктіретін айналма жол құрылысы жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл Орал қаласында 50 көше немесе 50 км жуық жол жөнделді.

Сондай-ақ облыс әкімі өңірді көгілдір отынмен  таза ауыз сумен, жылумен қамту, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім мен спорт саласының негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтті.

Мәселен, өңірде 14 мың адам жұмысқа тұрды, оның ішінде 11 мыңнан астамы тұрақты жұмыспен қамтылды. Биыл 15 IT-сынып ашылды, 2019 жылы тағы 50 IT-сынып ашылмақ. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 600 млн. теңгеден астам 2 жоба жүзеге асырылды, халықтың 100% электронды денсаулық паспорттарымен қамтамасыз етілген. Биыл өңірде 50 спорт алаңы салынды, 2019 жылы 100 жаңа спорт алаңдары салынбақ.

– Облыста қолға алынған «Smart Сity» жобасы қарқынды жүзеге асуда. Бүгінде «Ашық әкімдік», мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, «Smart Uralsk» орталығы, көші-қон ХҚКО және т.б. жобалар жүзеге асты. Жалпы өңірде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 40-тан астам жоба жүзеге асырылуда,-деді А.Көлгінов.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
130 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
300 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
338 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
614 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
626 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
752 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1055 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1145 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1174 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1385 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1656 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1880 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1920 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2067 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2265 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»