БАТЫС ҚАЗАҚСТАНҒА 277 ДӘРІГЕР КЕРЕК
Бүгін, 20 ақпан күні халықпен онлайн өткен есептік кездесуінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев 2020 жылдың әлем үшін сынақ жылы болғанын және індетпен күрес медицина қызметкерлеріне оңай болмағанын атап өтті. Облыста денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жұмыстарға да тоқталды.

– 2020 жылы әлем бұрын-соңды болмаған індетпен бетпе-бет келді. Әлі де пандемиямен күрес жалғасуда. Коронавирус індеті амалсыз әрекеттерге баруға мәжбүр етті. Бірақ, әр шектеу шарасының артында ұлт саулығы тұрғанын түсінуіміз керек. Медициналық қызмет көрсету, емдеу барысында көптеген қателіктер кеткенін мойындауымыз қажет. Турасын айтқанда біз мұндай сынаққа дайын болмадық. Індетпен күрес дәрігерлерімізге оңай болған жоқ. 700-ге жуық медицина қызметкері жұқпалы ауруға шалдықты, төрт дәрігеріміз ажал құшты, – деген Ғали Нәжімеденұлы қатерлі індетпен күрес кезінде көз жұмған дәрігерлердің жақындарының қайғыларына ортақ екенін жеткізіп, көңіл айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен эпидемияға қарсы шараларға қатысқан 14 мыңнан астам маманға 3,5 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Қызметте ерен еңбегімен көзге түскен 15 медициналық қызметкер «Парасат», «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» сияқты орден-медальдармен наградталды.
Өңірде медицина кадрлары мәселесі күрделі болып отыр. Өкінішке орай, дәрігер кадрларының тапшылығы 277 бірлікті құрайды. Дегенмен, 2019 жылмен салыстырғанда 10 пайызға төмендеу байқалады. 2020 жылы облысқа барлығы 106 түлек келді.
– Өңір дәрігерлері қиын оталарды жасау бойынша тәжірибе жинақтау үстінде. Мысалы, қалалық көпбейінді ауруханада алғаш рет инсульт алды күйдегі науқастардың ми артерияларына өте күрделі оталар жасалды. Ал кардиологиялық орталықта алғаш рет жаңа босанған науқастың қолқа клапанын ауыстыру отасы сәтті іске асты. Аталған ота ана өлімін болдырмауға өз септігін тигізеді деп сенемін, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Медициналық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында Президент тапсырмасымен үш ай мерзім ішінде жаңа модульді инфекциялық аурухана тұрғызылып, қажетті медициналық аппараттармен жабдықталды. 2020 жылы 1,7 млрд. теңгеге 15 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. Тұңғыш Президент қорының қолдауымен облыстық балалар көпбейінді ауруханасында жабдықталған балалар оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ, 37 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынып, жедел жәрдем автокөліктері 100-ге дейін ұлғайды.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі үшін облысқа 9 бірлік жылжымалы медициналық кешендер сатып алынып аудандарға берілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу