8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қыркүйек 2018 2124 0
Қоғам

БАС МҮФТИ СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ:«БІР МӘЗҺАБ – БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚҚА БАСТАЙДЫ»

Бүгін, 27 қыркүйек күні Орал қаласында «Зайырлы қоғам: құқық пен діннің өзара байланысы» тақырыбында халықаралық форум өтті.

Радикализмге қарсы күрестің құқықтық және психологиялық аспектілерін қарастыру, діни қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын және дін саласындағы құқықтық реттеудің маңыздылығын арттыруға бағытталған форум жұмысына облыс әкімі А.Көлгінов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі С.Ораз, көршілес елдер мен отандық дін мамандары, теологтар, дін саласындағы ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелері, құқық қорғау органдары қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дінтану пәні мұғалімдері қатысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз «Жаңа замандағы Ислам: өзара ықпалдастық пен діни тұрақтылық» тақырыбында баяндама жасап, зайырлылық ұстанымын жалпы қоғамға түсіндіру дін қызметкерлері, түрлі сала жетекшілері мен мамандарының міндеті екенін атап өтті.

– Халқымызда «Отан үшін күрес – ерлге тиген үлес» деген нақыл сөз бар. ХХІ ғасырдағы Отан үшін күрес терең білім алып, сол білім мен тәжірибені елдің  игілігі мен өркендеуіне сарп етуден басталады. Білім – баға жетпес олжа, үлкен қару. Білімсіз өркениет жоқ. Бүгінгі таңда күш те, қуат та білім менен бірлікте. Мұхаммед пайғамбар «білім мен хикмет мұсылмандардың жоғалтқан қазынасы. Қай жерден тапса да, иемденіп алсын» деген. Оқу орындарында оқып жүрген ұл-қыздарымыз ел-жұртқа пайда әкелер білім ізденсе, жаһанның ең озық технологияларын үйреніп, оны өзгеге үйретсе, елге қосқан үлесі осы болмақ. Ұлттық тәрбие мен көркем мінез болмаған жерде асқан білімнен пайда аз. Алла елшісі «Дін деген не?» деген сауалға: «Дін – көркем мінез» деп үш қайтара жауап берген. Өзі де «бұл ғаламда көркем мінезді кеміліне жеткізу үшін жіберілдім» дейді. Қазіргі заманауи ғылымның оқымыстылары жетістікке жетудің төте жолы көркем мінез екенін айтуда. Қазіргі қоғамға қажет мінездердің бірі – әділеттілік, адамгершілік, татулық пен бауырмашылдық. Алла тағала қасиетті Құранда: «Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, ажырап бөлінбеңдер» деп бұйырады. Мына заманда біз үшін – мұсылман үмметі үшін діни таным-ұстанымымыздағы бірізділік аса маңызды. Атап айтқанда, мәзһабтағы бірлік. Бір мәзһаб – бірлік пен ынтымаққа бастайды,  – деген бас мүфти форум тақырыбына орай ұсыныстарын ортаға салды.

–  Қазір кейбір азаматтар түсінбеушіліктен болар зайырлылықты атеизм ретінде қабылдайды, исламға жат не оған қасы құбылыс ретінде көрсетеді. Кейбір жастарымыз зайырлылықты кешегі өткен коммунистік кезеңдегі атеизммен салыстырғысы келеді. Негізі кешегі кезеңдегі кеңестік идеология атеизмге негізделген секуляризм болды. Ол кезде кез келген таным, ғылым, өнер, әдебиет пен тарих, пәлсапа да сол идеологияға қызмет етті. Сондықтан кешегі коммунизм зайырлы ел емес, ол атеистік мемлекет болды. Ислам әлеміне танымал ойшыл Әбу насыр әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары азаматтық қоғам және дін кітабы» деп аталатын һиссанамаларында мемлекеттік институттың діни емес негізде басқарылуы туралы жазып қалдырған. Бүгінгі таңда бізде қолданылып отырған зайырлылық ұғымы дінді жоққа шығару емес. Керісінше адамның ар-ожданы, бостандығы, діни сенім еркіндігіне кепілдік беру деген түсінікті қамтиды. Яғни, зайырлылық ұғымы ар-ождан бостандығы, төзімділік ұғымымен және түсініктерімен тығыз байланысты. Зайырлылық ұғымы мемлекеттің дінге деген қатынасының демократиялық сипатта екенін танытады. Зайырлылық ұстанымы – қоғамның кез келген мүшесіне, оның діні, діні, тегі, нәсіліне қарамастан, әр адамның қандайда бір дінге сену немесе сенбеу мәселесіне араласпайтын ұстаным. Бұл ұстаным адамның ар-ожданының моральдық болмысының еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл ретте мемлекет азаматтардың арасындағы  қарым-қатысты тек құқықтық негізде шешуді қамтамасыз етеді. Белгілі профессор Досай Кенжетайдың пікірінше, зайырлылық туралы анықтама көп. Солардың бірі – барлық діндерге бейтарап қарайтын, діни басшылыққа тәуелсіз және кез келген теологиялық қағидалар мен нормалардан азат болған мемлекеттік ұстаным. Осы анықтама зайырлы мемлекетті нақтылай түседі. Неге барлық діндерге бейтарап қарайды? Себебі діндер көп. Ал құдай түсінігі бір. Адамдардың құдай түсінігі ортақ болғанымен, олардың танымы, сенімі, құлшылығы және мына әлеммен қатынасы, яғни дүниетанымы, ақырет туралы сенімдері әр түрлі. Сондықтан мемлекет өзінің тұрғындарының діни сеніміне араласпайды. Құрметтейді және бейтарап ұстанымда болады. Екіншіден, мемлекет діни басшылыққа, яғни діни билікке тәуелсіз. Келесісі мемлекет кез келген теологиялық қағидалар мен нормалардан азат болады. Сондықтан Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында зайырлылықты – біздің елдің ең басты құндылығы ретінде бағалайды. Зайырлылық ұстанымы – мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасын реттейтін ең басты тетік. Қоғам тұрақтылығы үшін де ең басты құндылық болып табылады. Зайырлылық ұстанымы – сіз бен біздің құқықтарымыздың қорғалуы мен сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл ең басты шарт болғандықтан, саяси және құқықтық тұрғыдан діннен осы саланы бөледі. Біз дін саласының қызметкерлері, түрлі саланың жетекшілер мен мамандары мемлекет пен діннің қарым қатынасындағы нәзік әрі терең мәселені жастарға, жалып қоғамға түсіндіруден жалықпауымыз керек, – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
72 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
242 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
430 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
679 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
758 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
863 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
871 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
892 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
909 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1009 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1232 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1548 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1431 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1540 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1529 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1660 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1706 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1652 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1661 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1766 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»