8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Ақпан 2019 1657 0
Өзек

БАС БУХГАЛТЕР 7 МЛН. ТЕҢГЕНІ ЖЫМҚЫРДЫ

2015-2018 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің бес қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған. Құқықтық статистика құқық қорғау органдары құрылымы ішінде ішкі істер министрлігінің жемқорлық жиі орын алатын ведомство екенін нақтылап отыр. Осы ретте бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы БҚО департаментінің басшысы А.Ақмырзаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаментінің басшысы Б.Исақов қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облысымыздағы департаменті қызметкерлерімен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізді.

Ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстар  пара алу және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланумен байланысты. 2015 жылдан бері облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арқылы 84 қылмыс жасаған  ІІМ жүйесінің 51 қызметкері жауапқа тартылған. Әрі жыл сайын жасалған қылмыс та, жауапты тұлғалар да артуда. Ал осы жылдар ішінде қылмыстық атқару жүйесінің 5 қызметкерінің қылмыс жасағаны анықталып отыр.

2015 жылдың маусым айында 684 000 теңге сомасында ақша қаражатын жымқырғаны үшін БҚО бойынша ҚАЖД РУ170/2 мекемесінің бастығы Ғабдушев 5 жылға бас бостандығынан айырылса, арада бір жыл өтпей, 2016 жылдың наурызында ҚАЖД Орал қаласы бойынша пробация қызметінің бастығы Нагметовке 25 мың теңге пара алғаны үшін айыппұл түріндегі жаза берілді.

2017 жылдың наурызында сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына ықпал ету үшін 200 мың теңге пара алған БҚО бойынша ҚАЖД РУ 170/2 мекемесінің бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Шайхиев пен жедел уәкіл Баязитов 7 жылға сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросы Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаевтың айтуынша, қазіргі уақытта сотта БҚО ҚАЖ департаментінің бас бухгалтері-қаржылық қамсыздандандыру бөлімінің бастығы Дүйсеғалиеваға  қатысты іс қаралуда. Тергеуде анықталғандай, ол 2017-2018 жылдары бухгалтерлік құжаттамаға жалған мәліметтер енгізу арқылы 7 млн.теңге сомасындағы ақша қаражатын жымқырған.

– ҚАЖ департаменті қызметкерлері тарапынан толастамай отырған фактілер қажетті деңгейде профилактикалық шаралардың жүргізілмегенін және басшылық тарапынан әкімшілік бақылаудың болмауын көрсетеді. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын орындау жөнінде түсіндіру жұмыстарының жүргізілмеуінен, – дейді Рустам Сапарбекұлы.

Департамент басшысының сөзінше, саладағы қылмыстардың жиі орын алуы кардрлық саясатқа да байланысты. Салдарынан қылмыстық атқару жүйесіне моральдық-іскерлік қасиеті төмен, қылмыс жасауға бейім азаматтар қабылданады. Осы ретте бағынысты қызметкерлердің жасаған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін  барлық деңгейдегі басшылардың жеке жауапкершілігі қағидасымен бірыңғай жұмыс жүйесін құру ұсынылған болатын. Ішкі қауіпсіздік қызметі жұмыстарын тек жеке құрам арасындағы қылмысты анықтаумен шектемей, оның туындау себептерін анықтауға бағыттау керек.

Кездесу барысында сөз алғандар қатысушыларды мемлекет пен азаматтарға адал қызмет етуге және ұжымда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
80 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
296 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
784 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1160 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1085 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1520 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2136 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2303 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2309 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2358 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2362 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2001 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2844 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2897 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2894 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3502 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3473 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3461 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3440 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3601 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3647 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»