8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қаңтар 2019 1501 0
Қалалықтар қаперіне

БАНК ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУДІ БАСТАЙДЫ

«Астана Банкі» АҚ салымшыларының назарына!

2019 жылдың 26 қаңтарында сенбі күні «Еуразиялық банк» АҚ (агент-банк) «Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдауды және өтемақы төлеуді бастайды.

Өтемақы төлеу 2019 жылдың 26 қаңтардан бастап 26 шілдеге дейінгі алты ай ішінде жүргізілетін болады. 2019 жылдың 26 шілдесіне дейін хабарласа алмаған жағдайда «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – ҚДКБҚ) өтінішті тікелей беруге және өтем алуға болады.

Таратылған банктің салымшыларына өтем төлеу әрдайым теңгемен жүргізіледі. Егер салым шетел валютасында ашылса, өтеу сомасын банк банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі 2019 жылғы 9 қаңтар нарықтық айырбастау бағамы бойынша теңгемен төлейтін болады: USD — 373,66 KZT; EUR — 427,80 KZT; RUB — 5,57 KZT; GBP — 476,90 KZT.

«Астана Банкі» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысында тұратын салымшылары «Еуразиялық банкі» АҚ филиалына және олардың бөлімшелеріне келесі мекенжайлар бойынша хабарласуға болады:

1 Орал қаласы Құрманғазы көшесі, 125-үй

Северо-Восток 2 шағын ауданы, 42 үй

Достық даңғылы, 187/К 1-үй

Құрманғазы көшесі, 75-үй

8 (7112)51-38-74

8(7112) 30-07-08

8 (7112) 51-41-72

8 (7112)93-30-24

2. Ақсайқаласы Дружбы народов көшесі, 7В-үй 8(7113)33-97-61, 33-97-62

2019 жылдың 26 қаңтарында «Еуразиялықбанкі» АҚ-ның барлық филиалдары және бөлімшелерінің жұмыс уақыты: сағ. 8-00-ден сағ. 22-00-ге дейін.

2019 жылдың 27 қаңтарында: сағ. 8-00-ден сағ. 20-00-ге дейін.

Басқа қалған күндері бөлімшелер мен филиалдар ағымдағы режимде жұмыс істейді.

«Астана Банкі» АҚ салымшалары өтемақы алу үшін агент-банктің кез-келген бөлімшесіне немесе филиалына жеке басын куәландыратын құжатпен өтініш жасауы қажет.

Өтініштің нысанын агент банктің бөлімшесінен алуға немесе ҚДКБҚ интернет-сайтында электронды нұсқасын жүктеп, оны алдын-ала толтыруға болады. Салымшыларды сәйкестендіру жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша жүргізіледі. Сондықтан, «Астана Банкі» АҚ салымшыларының құқықтарын растау үшін банктік салым шарты немесе кассалық кіріс ордерлер талап етілмейді.

Тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда, өтініш беруші АХАЖ органдарымен берілген неке қию туралы куәлікті немесе тегінің, атының немесе әкесінің атының өзгеруі туралы куәлікті агент банкке ұсынуы тиіс.

Агент банкке жеке-өзі келе алмаған салымшылар үшінші тұлғаларға сенімхат негізінде өз атынан өтініш беруді тапсыра алады. Агент банкте өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының азаматтығын ауыстырған немесе жоғалтқан депозитор жүгінген жағдайда, шет мемлекеттің төлқұжаты (шетелдік төлқұжат), ал қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарымен берілген азаматтықтың тоқтатылуын растайтын анықтама немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі талап етіледі.

Салымшы жеке өзі жүгініп,  барлық құжаттарды ұсынған жағдайда және кепілдікті өтемақы тізілімінде ол туралы ақпарат бар болған кезде, сондай-ақ, даулы сәттер болмаған жағдайда, агент банк қолма-қол ақшаны жүгінген күні кассада беріп немесе ақшаны салымшының шотына (бүкіл рәсімдер мен тексерулерді ескеріп) аударады.

Заңнама талаптарына сәйкес салымшының талап ету құқықтарын бекіткен кезде төлем мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс (құжаттар түскен күннен бастап).

Кепілдік берілген сомадан тыс депозиттері және есептелген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар банк-агентте өтем алумен қатар, сондай-ақ даулы мәселелер бойынша (салымшылар тізілімінде болмауы) Алматы қаласындағы «Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясына талап қоюға құқылы: «Көктем-2» ықшамауданы, 22, телефон (факс): 8 (7172) 74-29-98, 74-29-41, 74-29-42, 74-29-42, 74-29-42,: +7 (727) 259 60 60.

Тарату комиссиясына даулы сұртақтармен өтініш беру мерзімі – 2019 жылдың 18 қаңтар күнінен бастап 2019 жылдың 18 наурыз күніне дейін.

Өтініштерді ерікті жазбаша нысанда «Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясының төрайымы Д. М. Зинуллинаның атына жолданып, кредитордың өтінішін қарау нәтижелері туралы тарату комиссиясынан жауап алуүшін онда келесідей ақпарат көрсетіледі:

  • жеке тұлға болып табылатын өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі),
  • банк шотының нөмірі (ИИК/IBAN) немесе банк шоты, банк салымы шартының нөмірі,
  • банктің кредитор алдында орындалмаған міндеттемелерінің сомасы (негізгі борыш пен сыйақы (тұрақсыздық айыбы мен басқа да айыппұлдық санкциялары, шығындар),
  • ақшаны шотқа енгізуге арналған төлем деректемелері,
  • пошталық деректемелер (индексі, мекенжайы).

Өтінішке негіздеме мен талап сомасын растайтын құжаттардың (мысалы, банк шоты бойынша үзінді көшірме, банк шотының, банк салымының шарты, соттың заңды күшіне енген шешімдері немесе талап ету құқығын растайтын басқа да құжаттар) көшірмелері қоса тіркелуі керек. Тарату комиссиясына ұсынылатын құжаттар көшірмелерінің нотариалдық куәландырылуы талап етілмейді.

Банк пен кредитор арасында жасалған шартпен басқа мерзімдер келісілмесе, тарату комиссиясы тарапынан кредиторлардың келіп түскен өтініштерін қараудың максималды мерзімі алу күнінен екі аптаны құрайды.

«Астана Банкі» АҚ салымшылары жұмыс күндері сағат 9.00-дан 17.30-ға дейін Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 16/1 мекенжайы бойынша Ұлттық Банктің Батыс Қазақстан филиалынан кеңес ала алады. Тел. + 7 (7112) 50-93-28, 55-45-35.

Сонымен қатар, сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс телефондары арқылы алуға болады:«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның саll-орталығы 1460. Барлық ақпарат www.kdif.kz, www.eubank.kz веб-сайттарында орналастырылған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
342 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
351 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
482 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
779 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
877 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1115 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1381 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1610 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1645 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1798 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1993 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2218 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2304 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»