БАЛАЛАРЫ 1-СЫНЫПҚА БАРАТЫН АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы биыл 1 сыныпқа балалардың қалай қабылданатынын хабарлады. Балалары 1- сыныпқа баратын ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері (қамқоршылар мен асырап алушылар) тиісті құжаттарды ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында тапсыруы керек.

1 сыныпқа қабылдау үшін төмендегідей құжаттар талап етіледі:
1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде);
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
4) № 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
5) 3x 4 көлеміндегі фото – екі дана.
Балаларды гимназиялар мен лицейлерден басқа бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді. Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.
Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа ата-аналардың ниеті бойынша (7 жасқа) толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді. Яғни, бірінші кезекте білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар қамтылады. Бос орындар болған жағдайда ниет білдірушілердің өтініштері қабылданады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі электронды және қағаз түрінде беріледі. Электронды өтініш берілген жағдайда, 5 жұмыс күні ішінде телефонға хабарлама келеді, 10 күн ішінде қызмет алушы мектепке құжаттардың түпнұсқасымен барып, сәйкестендіруі қажет. Нәтижесінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі және жаңа оқу жылынан бастап орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығарылады.
Білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары бекітілген білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен шарт жасайды.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім алушының ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқарудың жергілікті органдарына жүгінеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу