БАЛА ҚИЯЛЫНДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРУШІ
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстың жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында балалар суреттерінің дәстүрлі байқауын ұйымдастырды.

Мақсат – мектеп оқушылары арасында өртке қарсы білімді насихаттау, қауіпсіздік тәртібі мәдениетін арттыру, өрттен қорғау тарихына үңіле отырып оларға өрт сөндіруші мамандығын дәріптеу.
Байқауға облыстың жалпы білім беретін орта мектептерінің оқушылары арасынан жалпы саны 487 оқушы жұмыстарын жолдаған. Барлық суреттерді саралаған комиссия мүшелері үздік суреттерді анықтады. Бірінші орын Орал қаласы №50 ЖОББМ 5-сынып оқушысы Айсезім Сатайға, Екінші орын Орал қаласы №42 «Ақ ниет» гимназиясының 5-сынып оқушысы Даниял Бауыржан мен Орал қаласы №7 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Анастасия Елькинаға, үшінші орын Теректі ауданы Шаған ЖОББМ 5-сынып оқушысы Жанерке Рахимберлиеваға және Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №7 ЖОББМ 5-сынып оқушысы Аманат Сақтеміров берілді. Теректі ауданы Госплемстанция ЖОББМ оқушысы 7 жасар Әділет Азизов «Ең жас суретші» деп танылды.
БҚО ТЖД Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының мәліметінше, байқауға Орал қаласының білім бөлімі 175 жұмыс ұсынса, Теректі ауданынан 134 оқушының суреті түскен. Балаларды байқауға қатыстыруға белсенділік танытқан білім бөлімдерінің басшыларына Департамент басшылығы атынан «Алғыс хат» ұсынылмақ.

Байқауға қатысушылар 6 мамыр күні Департаменттің мәжіліс залында «Отан қорғаушылар күні» мен «Жеңіс күніне» орай ұйымдастырылған салтанатты шарада марапатталады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу