«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы «Бақытты отбасы» бағытының екінші кезеңі іске қосылды. Бағдарлама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүзеге асады. Жергілікті атқарушы органда толық емес отбасы, көп балалы отбасы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы санаттары бойынша есепте тұрғандар бүгіннен бастап құжаттарын тапсыра алады. Құжат қабылдау 20 наурызда аяқталады.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» БҚО филиалының директоры Аида Ипатованың айтуынша, биыл бюджет тарапынан бөлінетін лимит мөлшері екі есеге ұлғайтылған. Демек, қолжетімді займ осы жылы шамамен 10 мың отбасыға беріледі.
– ҚР Үкімет отырысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 50 млрд. теңге көлеміндегі алғашқы бюджеттік несиені бөлу жөнінде қаулы қабылданды. 50 млрд. теңге көлеміндегі келесі транш ағымдағы жылдың екінші жартысында беріледі. Осы жарты жылдықта берілетін займ бойынша өңірімізден 205 отбасының баспана алуына мүмкіндік берілмек, – деді Аида Бақытжанқызы.
Бағдарламаға қатысу үшін жергілікті атқарушы орган тарапынан жолдама қажет. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 12 наурыздан бастап азаматтардың құжаттарын қабылдап, жолдаманы рәсімдейтіндерін жеткізді (мекенжайы: Қ.Аманжолов көшесі, 69/1). Жолдама алған азаматтар «Тұрғын үй жинақ банкіне» барып, табыстары бойынша төлем қабілеттіліктерін есептетулері керек. Оң қорытынды алғандарға үй табуға үш ай мерзім беріледі.
Мамандар атап өткендей, оралдық бағдарлама қатысушылары құны 10 млн. теңгеге дейінгі пәтерлерді таңдай алады. Басты талап – өзінде немесе отбасы мүшелерінің атында үй болмауы тиіс. Бағдарлама аясында жаңадан салынған немесе екінші нарықтағы дайын үйлерді сатып алуға болады. Несие жылына 2 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға беріледі. Алғашқы жарна көлемі – 10 пайыз. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тұрғын үй жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиевтың айтуынша, жергілікті атқарушы орган тарапынан осы алғашқы жарна үшін 50 пайыздық қайтарымсыз сертификат ұсынылмақ.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Жеке куәлік көшірмесі.
2. Неке қию туралы куәлік.
3. Өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы (Ф-1 анықтамасы).
4. Некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін).
5. Мүгедектікті растайтын құжат.
6. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген ЖАО-ның растауы.
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу