8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Шілде 2019 5369 0
Қоғам

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ»: 170 ОРАЛДЫҚ ЖАНҰЯ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Оралдық 170 отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында үйлі болмақ. 

Нақтырақ айтқанда, толық емес отбасы, көп балалы отбасы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы санаттары бойынша кезегі келгендердің «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуына мүмкіндіктері бар.

– Бағдарлама іске қосылған сәуір айынан бастап «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылардың құжаттары қабылдануда. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үй кезегі тәртібімен үш санат бойынша кезегі келгендерге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» жолдама берілуде. Көп балалы отбасы санатындағы 80 жанұя, толық емес отбасы санаты бойынша кезегі келген 45 шаңырақ, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырғандар санатынан кезек тәртібімен 45 отбасы бағдарлама бойынша үйлі бола алады. Яғни, бұл есепке 2000-2006 жылдар аралығында кезекке тіркелгендер ғана енуі мүмкін. Кезегі келгендерге хабарласып, олардың құжаттарын жинақтау жұмыстарын жүргізудеміз, – дейді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тұрғын үй жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиев.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» кеңесшілері де қазіргі уақытта қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мамандарымен бірге азаматтарға бағдарлама талаптарын түсіндіріп, табыстарына орай төлемдерін есептеуде.

Мамандардың атап өткендей, оралдық бағдарлама қатысушылары құны 10 млн. теңгеге дейінгі пәтерлерді таңдай алады. Басты талап – өзінде немесе отбасы мүшелерінің атында үй болмауы тиіс. Бағдарлама аясында жаңадан салынған немесе екінші нарықтағы дайын үйлерді сатып алуға болады. Ең бастысы үйдің пайдаланылуға берілген мерзімі 50 жылдан аспауы тиіс. Несие жылына 2 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға беріледі. Алғашқы жарна көлемі – 10 пайыз.

Айта кету керек, Орал қаласы бойынша бүгінде 19 500-ден астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 3500-і толық емес, 800-ден астамы – көпбалалы, 900-ден астамы – мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
110 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
85 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»