8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2022 2259 0
Қалалықтар қаперіне

Бағланованың рухына бас иді…

Жайық жұртшылығын­ әсем ән мен күмбірлеген күйге бөлеп келе жатқан Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы 12-сәуірде көрермендерге тамаша кеш сыйлады. Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында аталмыш іргелі ұжым КСРО және Қазақстанның халық артисі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт өткізді. «Ән падишасы» атты тақырып таңдалған ән кешінде
Роза Тәжібайқызының репертуарындағы халық әндерін оралдық өнерпаздар шырқады. Кеште дәстүрін жаңғыртып, дала сазын аспан көгінде қалықтатқан бір топ таланттылар сахнада өнер көрсетіп, дүйім елдің ықыласына бөленді. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Ақсұлу Жұмалиева мен Майра Хайдарова, Ақмарал Ахметова және Дария Бақытова, халықаралық республикалық конкурстардың лауреаттары Галина Калашникова, Ардақ Айғалиева, Айдана Ажғалиева, Айда Ғабдиева, Айым Шекеева, Наргиза Сүлейменова, Гүлназ Ғиниятовалар тыңдармандар алдында Роза Тәжібайқызының репертуарындағы әндерді нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ, кеште «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаскелең Ғайсағалиев,
«Назерке» халық биі ансамблі және «Step up» би тобы өнер көрсетті.
Жанды дауыста ән айтқан бұлбұл үнді өнерлі жандарды «Орал сазы» фольклорлық ансамблі және «Ән қанатында» вокалды инструменталды ансамблі сүйемелдеді.
Көрермендер халқымыздың сүйікті әншісі Роза Бағланованы естеріне түсіріп, рухына тағзым жасады.

 

Сымбат ҚЫПШАҚБАЙ

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
37 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
303 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
294 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»