8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қараша 2023 3390 0
Мезгіл мәселесі

Бақұл бол, САЛТАНАТ!

Бүгін аппақ мүсіні, оң жаңбасы қарашаның сыздаған қара жеріне қапияда тиген қазақтың аяулы қыздарының бірі, Бишімбаевтардың келіні болған, Павлодардың тумасы САЛТАНАТ Нүкенованың мезгілсіз қазасына Ақ Жайықтың ел- жұрты да қатты алаңдаулы. 🥲

Салтанатты үкілеп өсірген ата-анасына қайғырып көңіл айтқаннан басқа амал жоқ!

Астана қаласы ПД хабарлауынша, қалалық мейрамханалардың бірінде сағат 20:30 шамасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жыққан. Әйел адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.

Қазіргі сәтте экс-шенеунік ұсталды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде ол өзіне пышақ салмақшы болғанын айтты.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау басқармасы 1992 жылы әйелдің көз жұмғанын растады. Ақпарат 19:54 шамасында келіп түскен.

Айта кетейік, экс-министр 2018 жылғы наурызда он жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алу және ақша жымқыру істерінде айыпты деп танылған еді. Кейін экс-шенеунік тура 19 ай өткенде бостандыққа шықты.

Жаның жәннәтта болсын! Қош бол, Салтанат ару!

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»