8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Маусым 2019 2434 0
Қоғам

БАҚҰЛ БОЛ, МҰХТАР АҒА!

      Ақ Жайық өңірі  елімізге танымал абыз ақсақалынан айырылды.  Елбасы Н.Назарбаевтың өз  қолынан «Құрмет»  орденін алған Ұлы Отан соғысының ардагері, республикалық  дәрежедегі  дербес  зейнеткер Мұхтар Әжіғұлов Қазақ ССР Жоғары кеңесінің Құрмет грамотасымен, Отан соғысы ІІ дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл ту орденімен, Құрмет белгісі 2  орденімен марапатталған танымал тұлға болатын. Сондай-ақ, ел ақсақалы сұрапыл соғыс жылдарында Германияны жаудан жеңгені үшін, Сталинградты қорғағаны үшін  және  еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға қосқан зор үлесі  үшін   барлығы  21 медальды кеудесіне таққан өнегелі  азамат  еді. Біз, Орал қаласының барша тұрғындары мен жерлестері атынан  Мұхтар атамыздың әулетіне, Әжіғұловтар отбасына қатты қайғырып көңіл айтамыз.

Сұрапыл соғыс жылдарында елін жаудан қорғаған батыр, бейбіт заман уақытында халқының қасынан табылған,  Отан-Ананың ертеңі мен кемел келешегін ойлаған атпал азаматтың жарқын бейнесі  жүрегімізде ұзақ сақталатын болады.  «Баталы  ұл  арымас» дегендей,  ұрпақтарына батасын беріп, ақ тілегін арнап, егемен  елінің тыныштығын  тілеп  отыратын  Мұхтар атайдың  барар жері жұмақ, жатқан  жері  жарық, топырағы  мамық  болсын.  Жаны пейіште шалқысын  дейміз.

Орал  қалалық  әкімдігі, Орал қалалық  мәслихаты аппараты, қалалық ардагерлер кеңесі 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
102 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
76 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»