БАҚҰЛ БОЛ, МҰХТАР АҒА!
Ақ Жайық өңірі елімізге танымал абыз ақсақалынан айырылды. Елбасы Н.Назарбаевтың өз қолынан «Құрмет» орденін алған Ұлы Отан соғысының ардагері, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Мұхтар Әжіғұлов Қазақ ССР Жоғары кеңесінің Құрмет грамотасымен, Отан соғысы ІІ дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл ту орденімен, Құрмет белгісі 2 орденімен марапатталған танымал тұлға болатын. Сондай-ақ, ел ақсақалы сұрапыл соғыс жылдарында Германияны жаудан жеңгені үшін, Сталинградты қорғағаны үшін және еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін барлығы 21 медальды кеудесіне таққан өнегелі азамат еді. Біз, Орал қаласының барша тұрғындары мен жерлестері атынан Мұхтар атамыздың әулетіне, Әжіғұловтар отбасына қатты қайғырып көңіл айтамыз.
Сұрапыл соғыс жылдарында елін жаудан қорғаған батыр, бейбіт заман уақытында халқының қасынан табылған, Отан-Ананың ертеңі мен кемел келешегін ойлаған атпал азаматтың жарқын бейнесі жүрегімізде ұзақ сақталатын болады. «Баталы ұл арымас» дегендей, ұрпақтарына батасын беріп, ақ тілегін арнап, егемен елінің тыныштығын тілеп отыратын Мұхтар атайдың барар жері жұмақ, жатқан жері жарық, топырағы мамық болсын. Жаны пейіште шалқысын дейміз.
Орал қалалық әкімдігі, Орал қалалық мәслихаты аппараты, қалалық ардагерлер кеңесі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру

Пікір үстеу