8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қараша 2022 2724 0
Қалалықтар қаперіне

Бұралқы ит-мысықты зарарсыздандырудан пайда бар ма?

Көше кезген бұралқы иттер мен мысықтар саны артып барады. Қаңғыбас иттердің көптігінен көшеде жүруге қорқатынымыз рас. Ветеринарлық дәрігерлердің мәліметіне сенсек, иттер мен мысықтардан қалалық көшелерді тазалау мақсатында жансыздандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі екен. Бұралқы жануарды аулау, биозарарсыздандыру үшін ағымдағы жылы 65 576 000тг көлемінде қаражат бөлінген. Қазіргі таңда облыста 4 570-тен астам бұралқы жануар вебстерилизациядан өткізіліп, кері мекендеу ортасына жіберілген. Заңды және жеке тұлғалардың шағымдары мен өтініштері қарастырылып, 1100 ден астам ит пен мысық зарарсыздандырылған. 70-ке жуығы өз иелерін тауып, 160-бұралқы ит пен мысық жануарларды қорғау ұйымының қарауына өткізілген. БҚО мәслихаттың шешімімен жануарларды ұстау, серуендету, аулау, жансыздандыру қағидалары 22 қазаннан бастап өз күшіне енді. Аталған қағидаларды бұзғандарға жеке және заңды тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Қаңғыбас ит пен мысықтың көше кезіп, күн суытып келе жатқанда көбейуі алаңдатарлық мәселе.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»