8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Сәуір 2021 1512 0
Қоғам

БҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ЖАНЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫ СЫРЫМ АУДАНЫ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

2 сәуір күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Сырым ауданының активімен онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды. Шараға Сырым ауданының әкімі Т.С.Төреғалив, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі М.Т.Әнесов, БҚО әкімдігінің Әдеп жөніндігі уәкілі А.Р. Хайруллина,  аудан активі мен әкім аппараты қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» парадигмасы, сыбайлас жемқорлықты тоқтатуы және оның еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сыни көлемдерге дейін тамыр жайдырмауы тиіс, шұғыл және тиімді қарсы іс-қимылдар шараларын қабылдаудың қажеттілігінен туындаған.

Ар тазалығы мен адамдықтың биік шыңы сөз болған жиында облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мынатаубиік Әнесов ата-бабадан аманат болып қалған адалдық қағидатын қадір тұту қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде департамент басшысының бірінші орынбасары  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қол қойған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген өзгерістермен жіті таныстырып, жиынға қатысушыларды қоғамның әділ әрі белсенді азаматы болуға үндеді.

Оған қоса А.Р.Хайруллина қатысушыларды мемлекеттік қызметкерлерге тән әдеп нормаларын сақтауға, ал «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Сәлиева жемқорлықпен қоғаммен бірлесе күресуге шақырды.

Аудан әкімі Т.С. Төреғалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы және жалпы осы ұғымға байланысты жеке пікірін айтты.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
101 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
75 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»