БҚО ӘКІМІ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВ БАЛҒЫНДАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Салтанат сарайында облыстағы мектеп оқушылары үшін «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты Жаңа жыл мерекесі өтті. Облыстық білім басқармасы мен халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған мерекеге 180 бала қатысты. Балғындарды облыс әкімі Ғали Есқалиев құттықтады.


Мектеп оқушыларына арналған облыстың басты шырша мерекесіне 9 бен 13 жас аралығындағы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, даму мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар санатынан оқу озаттары мен дарынды 180 бала шақырылған. Олардың 126-сы ауылдық елдімекендердің, 30-ы облыстық, 24-і қала мектептерінің оқушылары. Жаңа жыл мерекесіне жиналған балалар ертегі әлеміне түскендей болды. Балғындардың мерекесінде сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлері орталарынан табылды. Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының артистері, сиқыршылар, Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері, би ансамбльдерінің балғын бишілері, мектептен тыс жұмыс орталығының өнерлі оқушылары ұсынған қызықты қойылымдар, әдемі би мен шатты әндер мерекені қыздыра түсті. Шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев те қатысып, балалармен бірге шыршаны айналып, мерекелеріне ортақтасты.
– Батысқазақстандық балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Бұл барлығы асыға күтетін жарқын мерекелердің бірі. Жаңа жылда армандарымызды айтып, орындалуын күтеміз. Ең бастысы бейбіт аспан астында берекесі сақталған мемлекетте өмір сүрудеміз. Бүгінгі бүлдіршіндеріміз тәуелсіз елмен бірге өсіп, елімізді көркейтуге атсалысады деп сенемін. Ол үшін үлкендердің ақылын тыңдап, жақсы оқуға, шығармашылықпен, спортпен белсенді айналысуға тырысу қажет. Сонда ғана еліміздің бүгінгі жетістіктерін арттыра түсесіздер, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жаңажылдық шыршаға 18 млн. теңге көзделген. Яғни, әр балаға сыйлық үшін 100 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, оқу бағдарламасы жүктелген Bilimbook mini планшеті, кітап және тәттілер берілді.
Жаңажылдық думан аясында өрендер үшін «Дарын» қосымша білім орталығында мерекелік «Жаңа жылдық ғажайып әлем» концерті мен «Көгілдір шырағдан» кеші ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Орал» ойын-сауық орталығында фильм тамашалап, «Happy new year» караоке-сазды кешіне қатысты.
Эльмира НҰҒМАНОВА




Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу