БҚО-ДА ҚЫЗЫЛША АУРУЫ ТІРКЕЛДІ
БҚО Денсаулық сақтау басқармасы облыста қызылша ауруының алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлады.

Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, 1980 жылы туылған пациент қаңтар айының соңында Астана қаласынан келген. Ақпан айының басында науқас 39,5°C дейінгі температурада, жөтел және тамақ ауруы туралы шағымымен медициналық мекемеге жүгінген. Үш күннен кейін оның бетінде, содан кейін денесінде және аяқтарында бөртпе пайда болады. Дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіліп, диагноз расталғаннан кейін ауруханаға жатқызылған.
Қызылша – бұл жылдам таралатын инфекциялық ауру, дене қызуының көтерілуі, мұрын, көз, тамақ қабынуы, теріде бөртпе пайда болуы белгілерімен білінеді. Бұл инфекция 100% шалдыққыштықпен сипатталады, яғни бұрын ауырмаған және екпе алмаған адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, онда ауырып қалу ықтималдылығы өте жоғары. Сондықтан, екпе мерзімін қатаң сақтау өте маңызды.
Аурудың инкубациялық кезеңі, яғни жұқтырғаннан бастап алғашқы белгілері байқалғанша 7-ден 14 күнге дейін созылады. Қызылшамен ауырған адам инкубация кезеңінің соңғы 2 күнінен бастап бөртпе шыққаннан кейінгі 4-ші күніне дейін басқа адамдарға жұқтыра алады. Бөртпенің 5-ші күнінен бастап науқас инфекция көзі болып саналмайды. Аурудан кейін сауығып шыққан адам иммунитеті өмір бойына қалыптасады.
Аурудың алдын алудың жолы – вакцина алу. Аймақта вакциналар жеткілікті мөлшерде сатып алынған.
Айта кету керек, өңірде бұған дейін соңғы рет 2015 жылы қызылша ауруы тіркелген.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу