8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2019 1803 0
Қоғам

БҚО-ДАҒЫ ҚОС АУДАНДА ЖАҢА СОТ ҒИМАРАТЫ САЛЫНАДЫ

Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО сотының төрағасы Бек Әметов сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша белгіленген жеті басым бағыт бойынша қолға алынған жұмыстар туралы айтып, «Үлгілі сот» басымдығы аясында Қаратөбе ауданында жаңа сот ғимаратының құрылысы басталғанын, ал Тасқала ауданында жаңа ғимарат салынатынын айтты.

Қазіргі уақытта облыстағы соттардың жағдайын жақсарту, келушілерге қолайлы орта қалыптастыру, олардың тиесілі құқықтық қызметті уақытылы, қолжетімді алуына жағдай жасалуда.  Тағайындалған істердің уақытқа сай өтуі, аудио-бейнеқұралдармен жабдықталуы да үлгілі сот қалыптастырудың бірден бір тетігі екені даусыз. Облыстық сот төрағасының айтуынша, биыл өңірде екі жаңа сот ғимараты бой көтереді.

– Тасқала ауданындағы сот ғимараты ескі және ол қамысты құраммен салынған. Жөндеуге келмейді.  Қазір осы мәселемен айналысудамыз. Бұйырса, жаңа ғимарат  салынады. Қаратөбеде мүлде сот ғимараты болмаған еді. Өткен жылы жаңа ғимараттың құрылысын бастадық. Ол биыл аяқталады, – деді Бек Әметұлы.

Сонымен қатар сот төрағасы Орал қаласының №2 соты мен Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ғимараттарында пайдаланушыларға көрсетілетін сот қызметтерінің сапасын жақсарту мақсатында фронт-кеңсе ашу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»