БҚО-да ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттері жаңғыртылуда
Батыс Қазақстан облысында ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы шаралар шекара арқылы өтетін жүк тасымалын жүйелеуге, тексеріс жұмыстарын оңтайландыруға және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов Ресей Федерациясымен шекаралас аумақта орналасқан «Сырым» және «Шаған» ветеринариялық-фитосанитариялық бақылау нысандарына барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Сапар барысында бекеттердің қазіргі жағдайы, техникалық мүмкіндіктері және тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралды.
Жаңғырту жұмыстарының негізгі мақсаты – бақылау рәсімдерін жеңілдетіп, шекарадан өтетін өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау. Сонымен қатар бекеттердің заманауи талаптарға сай болуы, жүк тасымалы кезінде кідірістерді азайту және қызмет көрсету сапасын арттыру маңызды міндеттердің бірі ретінде белгіленген.
Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов жауапты мекемелерге құрылыс және жаңарту жұмыстарын белгіленген мерзімде, сапалы аяқтауды тапсырды. Бұл шекаралық бақылау нысандары тек тексеріс орны ғана емес, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен санитариялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылым болып саналады.
Жыл басынан бері аталған бекеттерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар 7 938 автокөлікті тексерген. Жалпы салмағы 123 321 тонна болатын түрлі жүктің құжаттары мен сапасы бақылаудан өтті. Бұдан бөлек, карантинге жатқызылған өнімдер тиелген 25 103 автокөлік пен 451 теміржол вагоны қаралды.
Тексеру нәтижесінде 60 заң бұзушылық анықталған. Талапты бұзған 19 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген 60 автокөлікке кері қайтару актілері рәсімделіп, жүктер экспорттаушы елдерге қайтарылды.
Мұндай бақылау шаралары өңірге сапасыз және қауіпті өнімдердің өтуіне жол бермеуге, сондай-ақ ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді. Жаңғыртылған бекеттер алдағы уақытта шекарадағы тексеріс жұмыстарын тиімді ұйымдастырып, тасымалдаушылар үшін де қолайлы жағдай қалыптастырмақ.
Ә.Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру

