БҚО-ДА СПОРТ КОЛЛЕДЖІ АШЫЛАДЫ
Елбасы атап өткендей, әр өңірдегі бір жетекші ЖОО Назарбаев университеті стандартымен деңгейлестірілуі қажет. Өйткені Назарбаев университетінің оқыту жүйесі әлемдік стандартқа негізделген. Сондай-ақ Елбасы облыс бойынша 10 колледжді таңдап, жаңартылған оқыту бағдарламасын енгізуді және сол оқу орындары арқылы басқа колледждарға тәжірибе тарату қажеттігін айтты. Жастар жылының ашылуына орай өткен жастар алаңы басқосуында БҚО әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес білім беру сапасын арттыруда атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

Батыс Қазақстан облысында екі мемлекеттік және бірнеше жеке жоғары оқу орны бар. 36 колледж жұмыс жасайды. Олардың басым бөлігі аудан орталықтарында орналасқан. Өңірдегі білім ұяларындағы мұғалімдердің 21 пайызы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің түлектері. Сондықтан аталмыш колледждің білім беру жүйесін заман талабына сай сәйкестендіру қолға алынады. Бұл Назарбаев зияткерлік мектептерімен келісім негізінде жүргізіледі. Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі мен С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық университеті арасында әріптестік байланыс орнатылады. Жоғары аграрлық техникалық колледжі мен Фин компаниясы арасындағы келісімшарт негізінде студенттерге 3D үлгісінде жобалау әдісі оқытылуда. Сондай-ақ облыс орталығында Спорт колледжі ашылмақ.
– Спорт колледжі биыл тапсырылады. Бұл колледж де барлық стандартқа сай болуы керек. Студенттерімізді оқыту үшін үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды тартатын боламыз. Сонымен қатар ауылдарда спорт кешендері және «Нұр Отан» партиясымен бірге мектептер жанынан 100 спорт алаңы салынады, – деді облыс әкімі.

Алтай Сейдірұлы атап өткендей, сапалы және қолжетімді біліммен облыстағы 200 мыңдай жас қамтылады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу