8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Мамыр 2026 356 0
Өңір жаңалықтары

БҚО-да Құрбан шалу рәсіміне үш нысан бекітілді

Батыс Қазақстан облысында 2026 жылғы 27–29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт мерекесін ұйымдастыруға дайындық жүргізілуде. Мерекелік іс-шаралар қауіпсіздік талаптарына сай өткізіледі.

Тұрғындарға мешіт аумағынан тыс жерлерде, көлік жүретін жолдар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде намаз оқуға болмайтыны ескертілді. Қоғамдық тәртіп пен санитарлық талаптардың сақталуы да басты назарда болмақ.

Құрбандық шалу рәсімі тек арнайы белгіленген орындарда жүзеге асырылады. Олар: «Ел-ырысы» базары, «Кублей» мал сою орны және «Батыс Адал-Ет» мал сою кешені.

Құрбан шалу сәтін әлеуметтік желілерде жарияламау, мереке күндері қоғамдық тәртіпті сақтау және мұқтаж жандарға көмекті ұйымдасқан түрде көрсету маңызды.

БҚО бас имамының айтуынша, құрбан шалуды онлайн форматта да жүзеге асыруға болады. Ол үшін QURBAN2025.kz платформасы арқылы өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
274 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»