8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қаңтар 2019 4935 0
Жалын

БҚО-ДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

 БҚО бойынша республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында облыстық олимпиаданың жүлдегерлері марапатталды. Дәстүрлі білім додасының үздіктерін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов құттықтады. Сондай-ақ салтанатты марапаттау шарасына қазылар құрамы қатысып, жүлдегерлерге дипломдарын табыс етті.

– Пәндік олимпиада оқушылардың білімін шыңдап, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырады. Сондай-ақ олимпиада мектеп оқушыларының дарынын ашып, республикалық деңгейде болашақтарына, ЖОО-на түсулеріне жол ашады.  Облысымызда білім саласына өте жақсы көңіл бөлінуде. Мектептер салынып, компьютерлік сыныптар ашылып жатыр. Қала мен ауыл мектептерінің деңгейін теңестіру мақсатында шалғай ауылдағы білім ұяларына BILIMBOOK құрылғылары алынды. Бұл цифрлық ресурстар кез келген тақырыпты ашып көрсетуге, әлемдік тәжірибені қолдануға мүмкіндік туғызып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаев егемендік алған уақыттан бері жастарымыздың білім алуына қолжетімді жағдай жасауға ықпал етіп келеді.  Білімнің арқасында біз болашағымызды жарқын ете аламыз. Мәселен, дамыған мемлекеттер интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеудің арқасында бүгін үлкен экономикалық жетістіктерге жетуде. Солардың бірі – Жапония цифрлық электроника саласын жақсы дамытуда. Сондықтан еліміздің болашағын қалыптастыруда өскелең ұрпақтың білімге көбірек көңіл бөлуі маңызды. Сіздерден күтер үмітіміз мол. Болашақ көшбасшылар осы арамызда отыр деп сенеміз, – деді Ғабидолла Абдоллаұлы.

Білім сайысында барлық аудан, қала және облыстық мектептерден 410 оқушы бақ сынады. Екі күнге созылған олимпиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты оқушыларының бәсі биік болды. Ал дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені – екінші орынға ие болды. Орал қаласының командасы үздіктер үштігін түйіндеді. Ал аудандар арасынан сырымдық шәкірттер жақсы нәтиже көрсетті.

Жалпы 13  пән бойынша 55 оқушы алғыс хатқа ие болды. 70 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломмен, 48 оқушы – ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 31 оқушы – бірінші орынға ие болды. Жүлдегерлерге білім басқармасы атынан бағалы сыйлықтар берілді. Сондай-ақ шәкірттері жүлдегер атанған ұстаздарға облыстық білім басқармасы басшысының алғыс хаттары ұсынылды.

Жеңімпаздар республикалық олимпиадада Ақ Жайық өңірінің намысын қорғайтын болады. Олимпиаданың республикалық қорытынды кезеңі наурыз айында жаратылыстану-математика бағыты бойынша Ақтөбе қаласында, қоғамдық гуманитарлық пәндер бойынша Қызылорда қаласында өтеді.

Марапаттау шарасы өнерлі өрендердің концерттік бағдарламасымен айшықталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
14 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
71 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
87 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
92 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
179 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
174 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
181 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
263 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
521 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
712 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
843 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
853 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
928 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1331 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1349 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1425 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1513 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1719 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1718 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»