БҚО-ДА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ЖЕТКІЛІКСІЗ
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі коронавирусқа қатысты жағдай туралы баяндап, негізгі мәселелерді шешуде атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдеді.

Індетке қарсы барлық шаралар қолға алынып жатқанынан қарамастан, облыстағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз.
Облыс басшысының сөзінше, науқастарды емдеуде оттегі концентраторлары жетіспей отыр.
– Аппараттардың бірнеше түрі бар. Біріншісі – өкпені жасанды желдету құрылғысы. Облыста 130 аппарат бар. Олар тек коронавирсқа қарсы күресте ғана емес, барлық ауруханаларда қолданылады. Коронавируспен ауырып жатқандардың 18-і осы жасанды желдету құрылғысына қосылған. Аурулар саны әлі де көбеюі мүмкін. Сол себепті қосымша ӨЖЖ құрылғыларын алу жұмыстары жүргізілуде. Қазір оттегі концентраторлары жетіспей отыр. Өңірдегі бар 52 оттегі концентраторы науқастарды емдеуге қолданылуда. Мәселені шешу мақсатында демеушілер есебінен оттегі концентраторларына тапсырыс берілді. Олар жақын күндері облысымызға жеткізіледі. Бұдан бөлек медицина қызметкерлері «Боброво» құрылғысын да емдеуде қолданады. Бұл құрылғыларға да тапсырыс берілді. Оған қоса жергілікті кәсіпорындардың бірі осы құрылғыны шығаруды бастамақ, – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.
Сондай-ақ облыс басшысы коронавируспен күресте медицина қызметкерлерінің жетіспей жатқанын айтты.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу