БҚО-ДА ҚОСЫМША ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында және БҚО бас санитарының қаулысындағы талаптарды орындау үшін жедел штаб 21-25 сәуір аралығында қала көшелерінде тұрғындар мен көлік қозғалысына қосымша шектеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифинге қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжанов мәлім етті.

Облыс әкімінің тапсырмасымен және мәліметтер базасын жедел өңдеу үшін цифрландыру басқармасы stopcovid.kz сайтын іске қосты. Қазіргі уақытта stopcovid.kz сайтына жұмысын одан әрі жалғастыру бойынша меншік түріне қарамастан облыс пен қаладағы 12 мың ұйымнан өтінім түскен. Оның ішінде 7 100 ұйымның өтінімі қабылданды, 3900 ұйымның өтінішінен кері қайтарылды және 970 өтініш қарастырылып жатыр.
– Жедел штаб осы тізімнің ішіндегі қаланың тыныс-тіршілігі үшін аса маңызды 2 мың ұйым жұмысы тоқтатылмайтыны туралы шешім қабылдады. Тек осы компанияларға 21-25 сәуір аралығында жұмыс істеуге рұқсат. Ал қалған бұрын рұқсат алған кәсіпорындарға қызметін тоқтату туралы СМС хабарлама жіберілуде, – деді Бекжан Нұрланұлы.
Айта кетейік, медицина қызметкерлерін апарып-әкелу бойынша 17 маршрут жасақталды, бұл бойынша 65 автобус жұмылдырылып отыр. Олар желіге күніне екі рет, яғни таңертең және кешке шығады. Саяжайға баруға сенбі және жексенбі күндері рұқсат етілді. Бас саниарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 65 жастан асқан азаматтарға көшеге шығуға тыйым салынды.
zhaikuni.kz
ЖАДЫНАМА
STOPCOVID.KZ. сайты арқылы тіркеліп, жедел штаб бекіткен жағдайда қызметі тыныс-тіршілігіне байланысты кәсіпорын қызметкерлеріне қала бойынша жүріп-тұруға рұқсат етілген.
МАРШРУТ – ҮЙ-ЖҰМЫС: ӨЗІНІҢ ЖЕКЕ КУӘЛІГІ БОЛУЫ ТИІС.
ҚАЛАНЫҢ БЛОК-БЕКЕТТЕРІ АРҚЫЛЫ КІРІП-ШЫҒУ ЖӘНЕ ҚАЛА БОЙЫНША ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ: ӨЗІМЕН БІРГЕ ҚАНДАЙ ҚҰЖАТ БОЛУЫ КЕРЕК? Тауар-транспорттық құжат немесе іссапар қағазы немесе мекен-жайы көрсетілген маршрутты қағазы боуы керек.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу