БҚО-ДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ТОЛЫҚТЫРУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ
БҚО білім басқармасы өңірдегі жоғары оқу орындары, педагогикалық колледж және жеке білім беру орталықтарымен бірлесіп, оқушылардың білімін толықтыру бойынша кешенді жұмыс жоспарын бекітілді. Жұмыс жоспары туралы 4 наурызда өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО білім басқармасы басшысыынң орынбасары Светлана Темірғалиева айтып берді.
Спикердің сөзінше, білім сапасын арттыру оқушылардың білімін толықтыру мақсатында оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау, білім сапасын көтеру үшін 12 қаңтардан бастап 400-ден астам мектеп бітірушілеріне арналған «On-line» консультациялар ұйымдастырылуда. Бұл 15 мамырға дейін жалғасады. «On-line» консультацияларды жүргізуге М.Өтемісов атындағы БҚУ, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, «Үздік педагогтер» қауымдастығы, «Достық», «BILIM» білім орталықтарының педагогтары тартылған.
«БҚО онлайн-кеңес» Telegram каналы арқылы пән мұғалімдеріне және оқушыларға жеке консультациялар өткізілуде.
«Alternative tutor» онлайн-репетитор жұмысы аясында «Озат тәжірибелі педагогтер» қауымдастығы және М.Өтемісов атындағы БҚУ оқытушылары аптасына үш рет 9, 11-сынып оқушыларына жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша білімдегі олқылықтарды жою, колледж бен ЖОО-ға түсуге дайындау мақсатымен қолайлы уақытта қосымша сабақтар жүргізеді. 9, 11 сыныптар бойынша 2590 оқушы қамтылады.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу