8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қараша 2018 1752 0
Қоғам

БҚО-ДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСТЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің VI облыстық форумы өтті.

Аталмыш іс-шараға барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, аналар мен ақсақалдар кеңесі, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдардың басшылары, аудан және қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдері, БҚО ҚХА кафедрасы, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері қатысты.

Форум жиынында облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов Елбасының биылғы жылғы Жолдауынан туындаған маңызды міндеттер және БҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңестері жүйесінің қызметтерін оңтайландыру туралы баяндама жасады. Сондай-ақ жастардың барлық санатын қолдауға бағытталған ұсыныстарды ортаға салды.

– Ұсынылып отырған жаңа жобаның бірі – «Жаңғырған ауыл». Оның маңызды міндеті – ауылдарда еңбек пен сұхбатты қалыптастыруға көмектесу. Бұл жұмысқа жоғары және арнаулы оқу орындарының, ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын құрылымдық бөлімдердің мүмкіндігін пайдалануымыз керек. Ол үшін ауылдарда нәтижелі еңбек идеясын қалыптастыруға бағытталған ортақ іс-шаралар жасақтап, меморандум жасалуы тиіс. Алдыңғы қатарлы агроөнеркәсіп кешендерінің тәжірибесін зерделеу мақсатында агротуризмді ұйымдастыру маңызды. Достық үйлерінде жетекшілер клубын құру қажет. Жастарды табысты шаруалармен кездестірген жөн. Жастар арасында «Ауыл әкімі болғым келеді» тақыбырыбында байқау өткізу – кадр әлеуетін анықтауға және жаңа идеяларды жергілікті билік органдарының жұмысына енгізуге септігін тигізеді, – деді Игорь Валерьевич.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары атап өткендей, Жастар жылын өткізу туралы Жол картасы аясында Plogging форматында «Open air» спорттық, экологиялық акциялар, «Жастардың алтын бесігі» тақырыбында ауылдық елдімекендердегі оқушылардың табысты тұлғалармен, «100 нақты есім» жобасы жеңімпаздарымен кездесулері, «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» халықаралық жобасы, «Цифрлы азамат» форум-тренингі және басқа да ірі жобалар жүзеге асырылады.

– Барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестерінің осы шараларды іске асыруға белсенді араласуы – Жастар жылын өткізудегі маңызды міндет болып табылады. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық «Елтану» туристік-өлкетану экспедициясына қатысу маңызды. Бұл экспедиция – ішкі туризм арқылы жастарды көбірек тартып Қазақстан халқының тарихи-мәдени, рухани мұраларын танытуға бағытталады. Бірінші кезекте мектеп және кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқушыларын, аз қамтылған отбасылардың және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тарту керек.  Әр ауданда, әр ауылда қызықты және танымдық соқпақтар болуы тиіс. Бұл үшін біздің өңірде барық мүмкіндіктер бар. Біз халықтың салт-дәстүрін, Ұлы даланың жеті қырын насихаттайтын туристік орталықтарға қолдау көрсетуіміз керек, – деді Игорь Стексов.

  

Бұдан әрі Ақжайық аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Орынша Ермұханова бұған дейінгі жарияланған Жолдаулардың стратегиялық жалғасы ретіндегі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы еліміздің, өңіріміздің дамуына серіпіліс беретінін айтты. Жолдаудағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы міндеттер туралы өз ойымен бөлісе келе, аудандағы Азынабай-Тайпақ су құбырын жаңғырту мал шаруашылығын алға жылжытуға, шаруа қожалықтарының көбірек ашылуына септігін тигізерін атап өтті. Бөрлі ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің хатшысы Зумрат Менешова аудандағы Қоғамдық келісім кеңестерінің құрылуы бұған дейін бөлек жұмыс жасап келген Ақсақалдар, Аналар, Жастар кеңестерін бір арнаға тоғыстырғанын жеткізді.

Сонымен қатар форум барысында Зеленов, Қазталов, Қаратөбе, Теректі, Тасқала, Шыңғырлау, Сырым аудандары Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы тыңдалды. Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы төрағасының орынбасары А.Сатыбаев Жастар жылын өткізуде атқарылатын жұмыстарды ортаға салды.

Жиын соңында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің VI облыстық форумының қарары қабылданып, Қоғамдық келісім кеңестерінің белсенді мүшелері марапатталды.

Форум «Туған жерім – тірегім» атты облыстық Достық фестивалімен қорытындыланды.

Мира ХАМЗАҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
287 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
295 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
428 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
721 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
820 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1058 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1327 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1555 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1591 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1743 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1939 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2162 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2250 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»