8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2019 1217 0
Қоғам

БҚО-да Nur Otan партиясының активі өтті

Батысқазақстандықтарға атаулы әлеуметтік көмек енді қандай мөлшерде бағытталады? Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары мен бюджеттік қызметкерлер ай сайын қанша алады? Осы сұрақтар мен  облыс орталығынан қашық аудандарды таза ауызсумен қамтамасыз ету және тағы көптеген мәселелер облыстық партиялық активте талқыланды.

«27 ақпанда өткен «Nur Otan» партиясының XVIII съезі қойылған мәселелердің сипаты мен ауқымы жағынан тарихи съезд болды» деп атап өтті актив жиынын ашқан БҚО әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов.

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен партия қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша әлеуметтік саладағы реформалардың тағдыры үшін жауапкершілікті өзіне алды. Сонымен қатар ел Президенті барлық мемлекеттік органдар мен партиялық көшбасшылардың назарын Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау салаларын жақсарту жөніндегі ұйыммен қатар жұмысты жандандыруға аударды. Біздің өңірде он колледж қазіргі заманғы стандарттар бойынша жұмыс істей бастайды. Бұл – жұмысшы жастарды, сондай-ақ педагогтер мен медбикелерді сұранысқа ие мамандықтарға үйрететін колледждер. Түлектерді жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді, – деді Алтай Сейдірұлы.

Сондай-ақ өңір басшысы автожол желілерін жақсарту, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, шалғай елдімекендерді газдандыру мәселелеріне тоқталды.

БҚО әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева атаулы әлеуметтік көмек және басқа да төлемдер туралы айтып берді.

– Облыс бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 2100 ата-анаға жәрдемақы мөлшері 30%-ға артатын болады. Сондай-ақ, бірінші топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 538 ата-анаға берілетін  жәрдемақы мөлшері 40 мың 538 теңгені құрайды, – деп атап өтті Бибігүл Тишанқызы.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға дейін арттыру жоспарлануда, олар облыстың 56 мың тұрғынын қамтиды. Әр түрлі саладағы жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыру, тұрғын үй құрылысы жөніндегі жоспарларды және тағы басқа жайттарға егжей-тегжейлі баяндалды. Ағымдағы жылы қалада 20 көппәтерлі үйдің және ауылда 70 тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда. Сондай-ақ, облыста газдандыру бойынша үш жоба іске асырылуда, оның аяқталуы бойынша БҚО-да халықты газдандыру 96,4%-ға жетеді.

Партия активінің жұмысына көп балалы аналар да қатысты. Мәселен, Теректі ауданының тұрғыны 30 жасар Жанна Әділбаева 5 баланың анасы. Аудандық ауруханада әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді. Ол осы кезге дейін көпбалалы отбасы ретінде мемлекет тарапынан көмек алып жүргенін айтып, мүмкіндікті пайдаланып отырғанымен бөлісті.

– Былтыр 300 мың теіге атаулы әлеуметтік көмек берілді. Ірі қара мал алдық. Жартысына жем-шөп алдық. Соның енді бізге үлкен көмегі болады деп ойлаймын. Сүті бар, еті бар. Әрі қарай көбейтеміз деген ойдамын, – дейді ана.

Бәйтерек ауданы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, бастауыш партия ұйымының төрағасы Владимир Харькин, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев,  «Уральскоторговопромышленная компания» ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты Валерий Крылов, Орал қаласының №5 емхана директоры Сәуле Бұлқашева, «Жас Отан» Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиевтар сөз алды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
44 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
397 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
491 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
734 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1002 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1228 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1267 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1418 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1613 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1843 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1929 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2041 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2046 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2080 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2080 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2186 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»