8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Маусым 2019 2655 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-да «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау басталды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттері үшін  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Орал-Саратов тас жолы бойындағы қаланың жаңа ауданында тұрғын үй салынуда.  Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны 140 000 теңгені құрайды. Үш тұрғын үйдің құрылысын ағымдағы жылдың қазан айында аяқталмақ. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының директоры Диас Рахымжан мәлім етті. 

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы — бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін ең тиімді шарттармен жаңа тұрғын үй алудың бірегей мүмкіндігі. Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беруші – қатысушы, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адам тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы қолданыстағы шарт ашуы немесе болуы қажет. Пәтерді сатып алу үшін ТҮҚЖБ клиенттеріне шотта 20% мөлшерінде ең төменгі бастапқы жарна жеткілікті, сонда олар жылдық 5% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша алдын-ала қарыз ала алады. Банктің мақсаты – салымшыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Бұл жұмысты біз үздіксіз жүргізіп келеміз, ол үшін бізге жергілікті әкімдік қызметкерлері мен құрылысшылар көмектесуде. Нәтижесінде жыл соңына дейін біз өз клиенттерімізге 1 ш.м. құны 140 000 теңге болатын таза әрленген 1 100 пәтерді ұсынуға дайынбыз. Бұл сандар – елдегі азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету секілді ең басты әлеуметтік мәселені тиімді шешудің айқын мысалы.

Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйлерді жеңілдетілген шарттармен жүзеге асырылып жатқандықтан, үміткерлерге қойылатын талаптар бар. Олар:

– ҚР азаматтығының болуы немесе оралман мәртебесі;

– өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйдің болмауы;

– соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы;

– тұру мерзіміне қарамастан тұрғын үй алуға үміткер сол елді мекенде тұрақты тіркелуінің болуы.

– төлем қабілеттілігін растау.

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 теңге сомасында жинақталуы тиіс.

Қазіргі таңда Зачаганск кентінен 297 пәтерге өтініш қабылдау жүргізілуде: оның ішінде бір бөлмелі – 108 пәтер, екі бөлмелі пәтер – 72 пәтер. Үш бөлмелі пәтерлер бұл үйлерде жоба бойынша қарастырылмаған, ал алдағы берілетін үйлерде пәтердің осы түрі болады. Осы ауданда бағдарлама бойынша тағы да екі 9 қабатты тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігіндегі 3 үй мен Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы 1 үйге жыл соңына дейін өтініш қабылдау жоспарда тұр.

– Бұл үйлердегі бір бөлмелі пәтердің құны шамамен 5 609 800 теңгені құрайды, сәйкесінше бастапқы жарна 1 121 960 теңгеден кем болмауы тиіс. Несие бойынша ай сайынғы төлем алғашқы 8 жылда 37 960 теңгені құрайды, одан кейін ол 18 244 теңгеге дейін төмендейді, оны клиенттер тағы 11 жыл ішінде төлейтін болады, – дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының директоры Диас Рахымжан.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан барлық нысандар туралы baspana.kz сайтына өтіп білуге болады. Бұл портал тұрғын үйді бөлу процесінің ашықтығы мен таңдаудың ыңғайлылығы үшін арнайы әзірленген. Онда қолжетімді тұрғын үйге үміткер қандай нысандар салынатынын, өтініш қабылдау жүргізілетіндігін, ұнаған пәтерді таңдап, тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысуға өтінім бере алады. Нысан үшін өтініштерді қабылдау құрылыс аяқталғанға дейін бірнеше ай бұрын жарияланады. Пулдарға ҚТҚЖБ-ның барлық клиенттері қатыса алады, алайда тұрғын үй алаңын мемлекеттік бағдарламаға қойылатын талаптарға сай келетіндер мен ең көп балл жинағандар алады. Балл саны депозитті толтыру мерзімділігіне және оның қолданылу мерзіміне байланысты. Осылайша, депозит ерте ашылып, уақытылы толықтырылса, соғұрлым баллдар жоғары болады.  Ұпайлар арнайы бағдарламаны есептейді, ондағы адам факторы алынып тасталды, яғни процесс автоматтандырылған және ашық.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
160 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
430 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
671 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
703 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
858 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1054 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1291 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1372 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1480 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1486 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1519 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1526 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1629 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1847 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2158 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2043 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2156 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»