8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Мамыр 2026 442 0
Мәдениет

БҚО-да мәдениет саласының үздіктері марапатталды

Бүгін – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Кәсіби мереке аясында «Атамекен» өнер ордасында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, Ақжайық өңірінің рухани дамуына, мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне еңбек сіңіріп жүрген сала мамандары мен ардагерлеріне ізгі лебізін жеткізді.

Мерекелік басқосуда мәдениет саласында табандылықпен еңбек етіп, өңірдің рухани өміріне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапат төрінен көрінді. Оларға «Құрмет» ордені, «Шапағат» медалі, «Еңбек ардагері» медалі, облыс әкімінің Алғыс хаты мен арнайы сыйлығы, сондай-ақ «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің үздігі», «Еңбек даңқы» төсбелгілері табысталды.

Мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысын айқындайтын қастерлі сала. Сахнада, кітапханада, музейде, мәдениет ошақтарында еңбек етіп жүрген әр маманның еңбегі қоғам үшін ерекше маңызды.

Барша мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық өнеріміз өркендеп, мәдениетіміздің мерейі әрдайым үстем болсын!

Әдемі Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
300 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
290 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»