БҚО-ДА КОРОНАВИРУСТАН САУЫҚҚАНДАР 40-ТАН АСТЫ
Бүгін Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелді.

Мемлекеттік комиссияның облыстағы шұғыл штабының хабарлауынша, коронавирус инфекциясы анықталған 4 адамның бірі – 1993 жылғы Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін Түркістан облысының азаматы болса, үшеуі жүк тасымалымен айналысатын 1987, 1976 және 1963 жылғы Тәжікстан және Қырғызстан елінің азаматтары.
Ресей Федерациясымен шекарадағы «Сырым» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2020ж. №35 Қаулысына сәйкес, жүк тасымалдаушыларға экспресс диагностика жасалынып, оң нәтиже көрсеткендіктен, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, карантиндік және провизорлық стационарларға жатқызылды.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. 6 мамыр күнгі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 203 адам тіркелді. 41-і сауығып, үйіне шығарылды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу