БҚО-ДА КОРОНАВИРУСПЕН СЫРҚАТТАНҒАН 18 НАУҚАС РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ ЕМ АЛУДА
Қазіргі уақытта БҚО-дағы жеті инфекциялық стационарда 158 науқас емделуде. Бұл туарлы бүгін бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысы бойынша коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков айтты.

185 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 38 науқас жатыр. Стационарлар толымдылығы 21 пайызды құрайды. 359 төсек-орындық 7 инфекциялық стационарда 158 адам емделуде. Ауруханалар толымдылығы 44 пайызды құрайды. Олардың ішінде 41 реанимациялық төсек-орында 18 науқас емделуде. Толымдылығы 44 пайызды құрайды.
– Жас құрылымына сәйкес, қарқынды реанимация төсектеріндегі науқастар келесідей топтастырылған. 40-тан 60 жасқа дейін – 4 науқас, бұл 22,2 пайыз, 60-тан 80 жасқа дейін – 10 науқас, бұл 55,6 пайыз, қалған 80 жастан асқан адамдар – 22,2 пайыз. 14 науқаста ілеспелі созылмалы ауру бар. Оның 13-і жүрек-қан тамырлары аурулары, 1 науқас қант диабетімен ауырады. Бүгінгі күні Инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 6 науқас қосылған, – деді Арман Қалибеков.
Қосымша 2028 төсек-орындық резервтік қор дайындалды. Оның ішінде 1253 төсек-орын инфекциялық стационарларда, 775 төсек орын карантиндік стационарларда.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 25 желтоқсанындағы жағдай бойынша жалпы 8 963 аурушаңдық жағдайы тіркелді, оның 4521 симптомдық, 4442 симптомсыз. Бүгінгі күні инфекция жұқтырғандардың 88%-ы, 7 890 адам жазылды. Оның ішінде 3 667 адам стационарлық деңгейде, 4 223 адам амбулаториялық деңгейде. Барлығы 160 адам көз жұмды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу