БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР 217-ГЕ ЖЕТТІ
Бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев коронавирустық инфекция бойынша облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

Өңірде коронавирустық инфекция ауру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 32,7 құрап отыр. 8 мамырға өсу қарқыны 4,3%. Мамандардың сөзінше, өсу көрсеткіші әкелінген жағдайлар есебінен.
Тіркелгендердің 174 жағдайы сырттан әкелінген деп бағаланады, қарым-қатынас арқылы 43 азамат инфекция жұқтырған. Оның 37-сі медицина қызметкері.
– Облыс аумағында коронавирустық инфекция тіркелген 217 жағдайдың 152 жағдайы, яғни 70,0% шекарадағы автоөткелдерден өткен тұлғаларда және Атырау облысынан келгендерде (21 жағдайдың 20-сы ТШО) тіркелген. Жеті жағдайда транзиттік жүк тасымалдаушылардың арасында сырқаттану тіркелді. Олардың төртеуі Өзбекстан Республикасының, екеуі Тәжікстанныңғ біреуі -Қырғызстанның азаматтары, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. 8 мамыр күнгі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 217 адам тіркелді. 65-і сауығып, үйіне шығарылды. Олар үй карантинінде әлі де 14 күн бойы медициналық бақылауда болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу