8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2020 1339 0
Өзек

БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР 217-ГЕ ЖЕТТІ

Бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек  Мұстаев коронавирустық инфекция бойынша облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. 

Өңірде  коронавирустық инфекция ауру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 32,7 құрап отыр. 8 мамырға өсу қарқыны 4,3%. Мамандардың сөзінше,  өсу көрсеткіші әкелінген жағдайлар есебінен.

Тіркелгендердің 174 жағдайы сырттан әкелінген деп бағаланады, қарым-қатынас арқылы 43 азамат инфекция жұқтырған. Оның 37-сі медицина қызметкері.

– Облыс аумағында коронавирустық инфекция тіркелген 217 жағдайдың 152 жағдайы, яғни 70,0% шекарадағы автоөткелдерден өткен тұлғаларда және Атырау облысынан келгендерде (21 жағдайдың 20-сы ТШО) тіркелген. Жеті жағдайда транзиттік жүк тасымалдаушылардың арасында сырқаттану тіркелді. Олардың төртеуі Өзбекстан Республикасының, екеуі Тәжікстанныңғ біреуі -Қырғызстанның азаматтары, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді.  8 мамыр күнгі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 217 адам тіркелді.  65-і сауығып, үйіне шығарылды. Олар үй карантинінде әлі де 14 күн бойы медициналық бақылауда болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
68 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
362 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
382 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
359 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
400 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»