8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Мамыр 2020 1101 0
Өзек

БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР 198-ГЕ ЖЕТТІ

Бүгін Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелді. 

Мемлекеттік комиссия шұғыл штабының мәліметінше, коронавирус инфекциясы анықталған 4 адамның бірі – 1999 жылғы Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмыс істейтін азамат болса, 3-і Ресей Федерациясынан келген 1998 және 1990, 1977 жылғы Батыс Қазақстан облысының тұрғындары.

Ресей Федерациясымен шекарадағы «Сырым» және «Ақсай» автоөткелдеріндегі санитарлық-карантиндік бекеттерде эпидемиолог мамандармен байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде біреуінен басқасының денсаулыққа шағымы болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, карантиндік және провизорлық стационарларға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді.  5 мамыр күнгі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 198 адам тіркелді.  36-сы сауығып, үйіне шығарылды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
93 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»