БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР 100-ГЕ ЖЕТТІ
Бүгін кеште Батыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 7 жағдай тіркелді. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлағандай, коронавирустық инфекция табылғандардың барлығы да Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын азаматтар. Олардың 5-еуі -Батыс Қазақстан облысының, 2-еуі Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары.
Ресей Федерациясымен шекарадағы «Тасқала» және «Сырым» автоөткелдеріндегі санитарлық-карантиндік бекеттерде эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 7 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. 24 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 100 адам анықталды. Екі науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 98 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу