БҚО-ДА КИІКТЕРГЕ ЗАҢСЫЗ АҢШЫЛЫҚ ЖАСАҒАНДАР СОТТАЛДЫ
Соңғы екі жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында киіктерге заңсыз аңшылық жасап, олардың дериваттарымен айналысқаны үшін 88 тұлға сотталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыс прокурорлары мәлім етті.

Сотталушылардың жетеуі бас бостандығынан айырылса, 79 тұлғаның бас бостандығы шектеліп, 2 адамға айыппұл салынған. облыс прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжанның мәліметінше, браконьерлерден киіктің 616 төшкесі мен 955 мүйізі алынып, 25 мылтық, 1 205 оқ-дәрі, 18 пышақ пен 19 қолара жойылған. Мемлекет пайдасына 14 автокөлік, 3 қаршана мен 1 квадроцикл тәркіленді. Мемлекетке барлығы 1,1 млрд. теңге залал келтіріліп, сот орындаушылармен 12 млн. теңге өндірілген.
Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде сот орындаушылары 13 автокөлікке және 15 жылжымайтын мүлікке тыйым салды, сондай-ақ тиісті мәжбүрлеп өндіру шаралары қабылданды. Бүгінде прокуратураның нұсқауымен Әділет департаменті «Атқарушылық өндіріс және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 55-бабына сәйкес тыйым салынған мүлікті бағалау және сату шараларын қабылдауда. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығыныа сәйкес, бір бас киіктің құны 3,7 млн. теңгеге бағаланатыны хабарлаған болатын.
Киікті заңсыз аулағандар мен олардың дериваттарымен заңсыз айналысқандар үшін Қылмыстық кодекстің 337 және 339-баптарымен қылмыстық жауапкершілік және жеті жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы көрсетілген.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу