БҚО-ДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ КҮРДЕЛЕНЕ ТҮСТІ
Ай басталғалы, яғни 1-12 қараша аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 358 жағдай тіркелген. Оның ішінде өткен тәулікте 30 жаңдай тіркеліп отыр. Өңірдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсізідгін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлім етті.

Облыс бойынша COVID-19 7382 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдармен – 3622, симптомсыз – 3760 жағдай, сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1119,5 құрады. Індеттен 6922 адам сауығып, өкінішке орай 128 адам қайтыс болды.
Апта сайын коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың орта есеппен 59% – ға өсуі байқалады. 1-12 қараша аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 358 жағдай тіркелсе, оның ішінде 140 жағдайда ауру белгілері бар болса, 218 жағдайда –ауру белгілері жоқ.
Орал қаласы бойынша барлығы 252 жағдай анықталды, бұл барлық аурулардың 70,3% құрады. Бәйтерек ауданында – 41 жағдай., Бөрлі ауданында – 25 жағ., Теректі және Шыңғырлау аудандарында – 10 жағ., Жаңақала ауданында – 5 жағ, Жәнібек ауданында – 4 жағ., Қаратөбе, Сырым, Казталов аудандарында – 3 жағ., Бөкей ордасы және Ақжайық аудандарында бір-бір жағдайлардан тіркелген.
– Аталған жағдайлар жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 150 адамда (41,8%), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 88 адамда (24,5%), ЖРВИ белгілері бойынша 87 (24,3%) және профилактикалық мақсатта тексерілген 33 адамда (9,2%) анықталды. Өткен тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен 30 жағ. тіркелді, оның ішінде 22 жағдайда ауру белгілері бар болса, 8 жағдайда ауру симптомсыз. ЖРВИ белгілерімен тексерілгендер арасында 18 жағ., қарым-қатынаста болғандар арасында – 10 жағ., эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тексерілгендер арасында 2 жағдай тіркелді, – деп баян етті Нұрлыбек Мұстаев.
1 қарашадан бері мемлекеттік шекарадан облысымыздың аумағына 8559 адам өтті, оның ішінде 1688-і – жолаушы. 159 жолаушыда COVID-19 анықтамасы болмаған. Анықтамасыз жолаушылар 3 тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР әдісімен COVID-19-ға тест алынғанда төртеуінің тест қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. БҚО арқылы өткен 2 жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер саны – 2962, оның ішінде 1385 жүргізушінің анықтамалары бар. Ал 1577 жүргізушіде анықтама жоқ болуы себепті олардан ПТР әдісімен COVID-19 тест алынып, қорытындысында тест 14 адамда оң нәтиже көрсеткен.
Қараша айы басталғалы облыс бойынша барлығы 15 747 адам зертханалық тексеру жасалды. Ал індет басталғалы – 179 464 адамнан сынама алынған. Бүгінгі күні облыс ПТР диагностикасы үшін 32 646 зерттеуге арналған 652 тест-жүйесімен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, кеше 12 қараша күні КВИ-мен сырқаттанушылық Қостанайда 4, БҚО-да 3,2, Павлодарда 2,7 есеге өршігені және осы үшеуі қызыл аймаққа енгені хабарланған болатын.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу