БҚО-да өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келеді
Батыс Қазақстан облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Сапаркелдіұлы мәлімдеді.

Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмалары өңірде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде 2025 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 379,7 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға артты. Сонымен қатар салаға тартылған инвестициялар көлемі 57,2 млрд теңгеге жетіп, бір жыл ішінде төрт есе өсті.
Қазіргі таңда облыста өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 510-ға жетті. Өнім экспорты да жоғары көрсеткішке ие болып, жалпы құны 281,7 млн АҚШ долларын құрайтын өнім шетел нарығына шығарылды.
Өңдеу өнеркәсібінің дамуына серпін беретін бірқатар жаңа өндірістік жобалар іске қосылды. Атап айтқанда, «Синтез Урал» ЖШС қоспалы өнімдер өндіретін зауыт құрылысын жүзеге асыруда. «Ural Electric» ЖШС италиялық «Sigma» компаниясының заманауи жабдықтарын пайдалана отырып, көлденең қимасы дөңгелек алюминий сымдарын өндіруді қолға алды.
Сондай-ақ «QazExpoCentre-Pipe» ЖШС-де шегендеу және сорғы-компрессорлық муфталар өндірісі іске қосылса, «Батыс мұнай газ жабдықтары» ЖШС-де су мен газға арналған шарлы крандар шығаратын жаңа цех ашылды. Бұдан бөлек, кәсіпорын жанынан мамандар даярлайтын оқу орталығы жұмысын бастады.
«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС диаметрі 1600 миллиметрге дейінгі газ және су құбырлары мен кәріз жүйелеріне арналған үш қабатты құбырлар өндірісін жолға қойды. Ал «Стекло-Сервис» ЖШС өндірістік қуатын арттыру мақсатында заманауи сандық бағдарламалық басқаруы бар өңдеу орталықтарын іске қосты.
Алдағы жылдары өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті одан әрі нығая түспек. 2026–2030 жылдар аралығында жалпы құны 1,8 трлн теңгені құрайтын 25 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар нәтижесінде 6012 жаңа жұмыс орны ашылады.
Президент тапсырмасына сәйкес, өңірде шикізаттық емес секторға инвестиция тарту және терең өңдеу өндірістерін дамыту жұмыстары күшейтілуде. Инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалып, тиімді инвестициялық климат қалыптасқан.
Соңғы үш жылда облыстың негізгі капиталына шамамен 2,3 трлн теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар осы кезеңде өңірге 4,9 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция келіп, Батыс Қазақстан облысы республика өңірлері арасында көшбасшы аймақтардың біріне айналды.
Бүгінде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа аясында жалпы құны 2,7 трлн теңгені құрайтын 100-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Осылайша, өңірде қолға алынған ауқымды жобалар мен өндірістік бастамалар Батыс Қазақстан облысын еліміздің индустриялық дамуының маңызды орталықтарының біріне айналдыруға жол ашып отыр.
Әдемі БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру